- Учителю
- Дене шынықтыру пәнінен сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы Жүзден жүйрік
Дене шынықтыру пәнінен сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Тақырыбы: Жүзден жүйрік.
Мақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір салтына насихаттау.
2. Оқушыларды мұз айдыныңда коньки тебу, коньки
теуіп жүріп мергендік, ептілік және шапшаңдық
қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бір-бірімен тіл табыса
білуге, бір - бірін қолдай білуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Спорттық құралдар, кегли, ысқырық, орындықтар.
Өтетін орын: Мұз айдын.
Қатысатын оқушылар: 6,7,8 - сыныптар
Жоспар:
I Таныстыру.
II Жылдамдық сайысы.
III Ептілік сайысы.
IV Мергендер сайысы.
V Капитандар сайысы.
VI Күш атасы Қажымұқан.
VII Эстафеталық сайыс.
VIII Марапаттау.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Бүгін сіздер мұз айдыныңда «Жүзден жүйрік» спорттық ойынына қатысқалы отырған 6,7,8 - сынып оқушыларынын ойынын тамашағалы отырсыздар. Сайыста біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
-
............................................................................................................
-
............................................................................................................
-
............................................................................................................
Жүргізуші:
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер- күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын оқушылар бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға: 1 және 2 топ оқушыларын шақырамыз.
Сайыстар:
I Таныстыру.
Әр топ өздерінің аты және ұранымен таныстырады
II Жылдамдық сайысы.
Ойын ережесі: Бірінші оқушы коньки тебу арқылы колындағы шайбаны
10-15 метрде тұрған орындыққа апарып қойады, келесі оқушы шайбаны
алып келеді, осылай қай топ тез жаттығуды орындайды, сол топ
жеңіске жетеді.
III Мергендер сайысы.
Ойын ережесі: Оқушылар кезек-кезек қайқы таяқпен шайбаны 5 м
жердегі кубиктерге тигізу керек, қай топ көп тигізсе, сол топ
жеңіске жетеді.
IV Ептілік сайысы.
Ойын ережесі: Бірінші оқушы алда жатқан кубиктердің арасынан
өтіп, шанаға келіп есепті шығарып, келесі оқушыға кеглиді береді. Осылай қай топ тез жаттығуды орындайды, сол топ жеңіске жетеді.
V Капитандар сайысы.
Ойын ережесі: Ұлттық ойын «теңге алу». Капитандар кезекпен алда жатқан теңгелерді уақытқа алу керек, қайысы тез жақсы орындайды сол жеңіске жетеді.
VI Күш атасы Қажымұқан.
Ойын ережесі: Бірінші оқушы шанада отырған баланы сүйреп
15 метрдегі кеглиді айналып келеді, келесі ойыншы алдындағы серіктесін артынан итерген қалыпта15 метрдегі кеглиді айналып келеді.Осылай қай топ тез жаттығуды орындайды, сол топ жеңіске жетеді.
VII Эстафета.
Ойын ережесі: Топ ойыншылары бір-бірін арт жақтан белдерінен
ұстап, 15 метр жердегі шанаға барып мақал - мәтелді жалғастырып жазып, мәре сызығына қай топ бірінші келеді, сол топ жеңіске жетеді
VIII Өнер.
Ойын ережесі: Әр топтан бір оқушы коңьки теуіп жүріп өнер көрсету керек. Қайсы қызықты, жақсы, көрсетеді сол жеңіске жетеді.
IХ Жеңімпаздарды аңықтап, марапаттау.
Спорттық ойыны
Өткізген: Хамитов Е. К
Алғабас ауылы, 2014 жыл.