- Учителю
- Допты бір - біріне үстінен, астынан соғу. Жеңілдетілген ережемен 'Волейбол ойнау' (9 сынып)
Допты бір - біріне үстінен, астынан соғу. Жеңілдетілген ережемен 'Волейбол ойнау' (9 сынып)
Үстірт орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Допты бір-біріне үстінен, астынан соғу.
Жеңілдетілген ережемен "Волейбол" ойынын ойнау.
Дайындаған: дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Реушенова Г
Сыныбы: 9 «В»
Бейнеу 2015 ж
Күні: 17.10.2015ж
Сыныбы: 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Допты бір-біріне үстінен, астынан соғу.
Жеңілдетілген ережемен "Волейбол" ойынын ойнау.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыту сабағы.
Өтетін орны: спорт зал
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық.
р/с
Сабақтың мазмұны
уақыты
Әдістемеліқ нүсқаулар
І. Дайындық бөлімі 10-15 мин
1
Сапқа тұру, кезекші (спорт секторы) топтың сабаққа дайындығы және түгелдігі жөнінде рапорт беруі.
Денсаулығы жөнінде анықтамасы бар оқушылар сабаққа қатыстырылмайды, Спорттық киімдерін тексеру.
2
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздіқ ережесімен таныстыру.
3
Командалық жаттығулар: оңға, солға, тіке, артқа бұрылулар.
Жүгіру жаттығулары: Алаңды айнала жүгіріп жүріп, алаң диагоналы бойынша жылдамдыққа жүгіру
Жүру жаттығулары: Спорттық жүріс.
Жүру кезінде арақашықтықты сақтау. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен,
Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру. Қолды екі жанға қойып жүру, Табанның сыртқы және ішкі қырасымен жүру.
Секіру жаттығулары:
Оң аяқпен, сол аяқпен секіріп жүру
Алаң диагоналымен «киікше» секіріп өту.
Келесі диагоналда жылдам жүгіріп өту
Жалпы дене жаттығулары: Жұппен орындалатын жаттығулар (оқушылар шеңбер жасап жаттығулар жасайды)
Жаттығу орындалысын қадағалау
ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .
Допты бір-біріне үстінен, астынан соғу.
1
Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
10-12 р
Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері көрсетіледі.
2
Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Ара қашықтық 7-8м.
10-12 р
Допты қарсыласының қолына дәл беру көрсетіледі
3
Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді.
12-14 р
Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру көрсетіледі
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету
2′-3′
Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға басу көрсетіледі
5
Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.
10-12 р
Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6
Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
10-12 р
Жоғарыдан және төменнен қабылдау көрсетіледі
7
Ережемен волейбол ойнау
10'-12′
6*6 (2 топқа бөліп ойнатамын)
ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин
1
Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру.
2′
2
Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.
2'
Кеткен кемшіліктерді ескертіп , оқушылардың ойынға деген ықыласын арттыру.
3
Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау.
1'