7


  • Учителю
  • Урок на тему: Национальные игры

Урок на тему: Национальные игры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: "Ұлттық ойындар"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, қозғалысты дамыту.

Өтілетін орны: спорт алаңы.

Көрнекі құралдар: ысқырық, шыбықтар,орамал


Кезеңдер

Сабақтың барысы

Жаттығ-н орындалу уақыты

Сабақта назар аударатын жағдай

Ұйымдастыру

Сапқа тұру, рапорт беру. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Орында "оңға, солға" бұрылу.

5 мин

Оқушылар бұрылған кезде дұрыс бұрылуын қадағалау.

Дайындық бөлімі

Алға жүру.

  1. Екі қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру.

  2. Екі қол белде, өкшемен жүру.

  3. Жылдам жүру.

  4. Жеңіл жүгіру.

  5. Тізені алға көтеріп жүгіру.

  6. Аяқты артқа көтеріп жүгіру.

  7. Екі қол белде, аяқты алға түзу тастап жүгіру.

  8. Аяқты артқа түзу тастап жүгіру.

  9. Әрбір адымда секіріп жүгіру

  10. Екі қол белде, жартылай отырып жүру.

  11. Толық отырып жүгіру.

  12. Дем алуға арналған жаттығулар.

2 мин

1 мин

3 мин

1 мин


1мин

1 мин


1 мин


1 мин

Денені тік ұстауын қадағалау.


Қолдың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.

Денені тік ұстап жүгіру керек.

Жаттығуды дұрыс жасау керек.

Аяқты бүкпеу керек.


Мүмкіндігінше жоғары секіру керек.

Денені тік ұстау.

Жаттығуды дұрыс орындауына назар аудару.


Ұлттық ойын "Теңге алу".

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді.Әрқайсысы жеке- жеке шыбық мінеді. Ойын кезегі басталатын жерге көлденең сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі 15-20 см екі шұңқыр қатар қазылады. Шұңқыр қол сиятындай және сайыскерге ыңғайлы етіп қазылады. Шұңқырға үлкендігі бармақтай тастар салынады. Ойынға қатысушылардың санына қарай екі топтан екі сайыскер шығады да сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі шыбық аттарын құйғытып шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол сұғып жібереді де тасты іліп алып әрі өтіп кетеді. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тасына қарай есептеледі. Қай топ көп тас жинаса сол жеңімпаз болады.


15минут


Сайыскерлер бір - біріне кедергі жасамауы керек.


Ойын бастаушының белісі бойынша басталады. Шұңқырдың жанында бөгелуге немесе тоқтауға болмайды.

Жеңген топқа баға беру.


" Соқыр теке" ойыны

Ойыншылар дөңгелене тұра қалып орталарына көзі орамалмен таңылған "соқыр тенені" шығарады. Шеңбер бойында тұрғандар білдірмей келіп оны түрткілейді, осы кезде түрткен баланы ұстап алып, атын атауы керек. Ойыншы бір орында тұра бермей, түртпесе де ұстатпай қашып жүру керек. "Соқыр теке ұстап алған бала оның орнын алмастырады.

10 мин

Ойыншылар мен "соқыр теке" шеңберден шықпаулары керек. Оқушылдарға бір -бірден жаттығу дайындап келуді тапсыру.

Сабақты қорытындылау.

Сапқа тұрғызу.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту.

Үйге тапсырма

3 мин

Ұлттық ойындарды үйде балалармен ойнау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал