- Учителю
- Отбасы сайысы Тақырыбы : Отбасылар сайысы
Отбасы сайысы Тақырыбы : Отбасылар сайысы
МҚКК №7 сәбилер балабақшасы
</ Тақырыбы : Отбасылар сайысы.
Дене тәрбие нұсқаушысы:
Г.Ж.Бакешева.
2016ж.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт зал
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі Отбасылар сайысына қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады да, өздерін таныстырады)
1 - топ: ----
2 - топ: ----
3 - топ: ------------
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
---------------------------------------------------------------------------------
Спорттық сайысымыз бес балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
Мұғалім: Құрметті жарысқа түскелі тұрған отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.
Олар:
1. «Таныстыру» кезеңі
2. «Мұртты кенгуру» сайысы.
3. «Пингвин» сайысы.
4. «Кім жылдам?» сайысы.
5. «Сафари» сайысы.
6. «Футбаскет» сайысы.
7. «Кім көп секіреді?» сайысы.
8. «Арқан тарту» сайысы.
1 - кезең: «Таныстыру»
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
1 - топ. "Жасұлан" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан".
2 - топ. "Қыран" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз!»
3 - топ. "Барыс" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін".
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
2 - жүргізуші: 2 кезең: «Мұртты кенгуру» сайысы.
Ойыншылар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады, қайтарда жүгіріп барады да келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді.
Жүргізуші: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына берейік.
1 - жүргізуші: 3 кезең: «Пингвин» сайысы.
Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді. Келесі ойыншы жалғастырады.
Жүргізуші: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
2 - жүргізуші: 4 кезең: «Кім шапшаң?» сайысы.
Анасы допты жерге ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.
Жүргізуші: Ал енді «Кім шапшаң?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
1 - жүргізуші: 5 кезең: «Сафари» сайысы.
Кедергілер арасынан қаппен секіріп барып себеттегі шарды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағы секіріп бару. Келесі ойыншыға қапты береді. Келесі ойыншы қайталайды.
Жүргізуші: Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
2 - жүргізуші: 6 кезең: «Футбаскет» сайысы.
Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек. Аналары допты баскетболдағыдай кедергілердің арасымен жерге ұрып отырып барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек. Әкелері допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек.
Жүргізуші: Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
1 - жүргізуші: 7 кезең: «Кім көп секіреді?» сайысы.
Балалар аналарына скакалкамен секіріп барады да скакалканы береді, ал аналары скакалканы кері айналдырып секіріп барады да әкелерге скакалканы береді, әкелері аяқтарының астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.
Жүргізуші: Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
1 - жүргізуші: 8 кезең: «Арқан тарту» сайысы.
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!