7


  • Учителю
  • Әдістемелік көмек құралы тәрбие сағатының талдау үлгісі

Әдістемелік көмек құралы тәрбие сағатының талдау үлгісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі:______

Сынып жетекшісінің аты: Өтелгенова Л.Қ

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 15

Тақырыбы:

Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дертті алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,

инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Педагогикалық маңыздылығы: Оқушылар тақырыпқа байланысты толықтай мәліметпен танысып, өзіндік ойларын ортаға салды.Туберкулез ауруының қайдан, қалай жұғатынын білу арқылы білімдерін толықтырды. Көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Тақырыпқа байланысты оқушылардың білгісі келетіндері шексіз, әрине. Дей тұрғанмен де, оқушылар білмеген, естімен нәрселерін интернет жүйесінен, кітапханадан ізденіп, білімдерін одан әрі қарай толықтыра түсетіндіктерін айтты.













































Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі:______

Сынып жетекшісінің аты:Өтелгенова Л.Қ

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 15

Тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет

Мақсаты: Адамгершілік туралы білімдерін кеңейту, және оны өмірде пайдалана білуге үйрету.

Әңгімелер арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Оқушыларды шыдамды болуға, сабыр сақтауға, төзімділікке тәрбиелеу

Педагогикалық маңыздылығы: «Адамгершілік деген не? Адамгершілікке байланысты қандай мысалдар келтіре аласыздар?» деген сұрақтарды ортаға тастап, жауап ала отырып, «Жазықсыз жазықты» әңгімесін тыңдап, ары қарай тақырыпты аша тұсіп, талқыға салдық. Тақырыпта байланысты тест жұмысын жүргізе отырып, оқушылар көзқарасын да түсіндік. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, сабаққа деген ынталарының жоғары екенін көрсетті. Тіпті, бір-бірлеріне сұрақ қойып, өздерінің төзімі қандай дәрежеге дейін жететіндерін тексерді.













































Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі:______

Сынып жетекшісінің аты: Өтелгенова Л.Қ

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 14

Тақырыбы:

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.

Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.



Педагогикалық маңыздылығы: «Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені қастерлемей, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет» деген әдемі сөздермен сынып сағатымызды бастағаннан-ақ оқушылар сынып сағатымыздың қандай тақырыпқа байланысты болатынын біліп отыр. Әрине, әр оқушының қабылдауы да, түсінігі де әртүрлі. Дей тұрғанмен де, бұл көп қозғалатын тақырып болса да, оқушылар айтылатын мәліметке бар назарын аударды. Тақырып көп мәселенің бетін ашатын болғандықтан, оқушылардың да білгісі келетін сұрақтарының шексіз болары сөзсіз. Біреулері сұрақ қойса, енді біреулері естіген-білгендерін ортаға салды. Тақырып кең көлемде ашылып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтті.

























Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі:______

Сынып жетекшісінің аты: Өтелгенова Л.Қ

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 13

Тақырыбы: Айбары асқақ Ата Заң

Мақсаты: Оқушыларды Ата Заңның бағасын білуге, еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету;

Өздерінің жеке бас құқықтарын білуге, оларды өз елінің патриоты болуға, егеменді ел тарихымен хабардар болып, оны кейінгі ұрпаққа насихаттауға тәрбиелеу;

Педагогикалық маңыздылығы: «Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Конститутция -біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер -ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!» деген рухты сөздерден кейін оқушылар еркін сөйлеп, сергек көңіл-күйде отырды.

Сынып сағаты барысында тақырыпқа сай мәліметтер айтылып, Ата Заңның мағынасы мен қабылданған уақыты туралы да ақпаратпен таныстырылды. Ата Заңымыз жайында оқушылардың білімі жоғары. Оқушылар өздерінің бар білгендерін ортаға салып, тақырыпты толықтырды.





























Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі:______

Сынып жетекшісінің аты: Өтелгенова Л.Қ

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 15

Тақырыбы: Тағдыры тарих тал бесік

Мақсаты: 1.Білімдік - Оқушыларға Қазақстанның қалай көп ұлтты мемлекетке айналғаны жайлы түсінік беру;

Қазақ халқының басынан өткен түрлі тарихи оқиғалар жайлы түсіндіре отырып, көп этнос ұғымына терең тоқталу;

2.Дамытушылық - Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық әрекеттерін арттыру;

3.Тәрбиелік - Қазақстандық патриотизмге, өз елін, жерін сүюге, ұлттық татулыққа тәрбиелеу;



Педагогикалық маңыздылығы:

«Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» - бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз - игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!».

Міне, осындай ұлағаты мол сөздерге тоқталып оқушылардың ой-өрісін тереңдете отырып, оқушыларға елбасы Н.Ә.Назарбаев пен оның тәлім-тәрбиесі мол сөздерін оқушыларға таныстырдық. Сонымен қатар, оқушыларға елбасымыздың ел үшін жасаған ерен еңбегі жайында да сөз қозғалды. Оқушылар сынып сағаты барысында көкейлерінде жүрген сансыз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Оқушыларға тәрбиелік мәні зор мәліметтер айтып, оларды патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тақырыпты толық ашып баяндадық.

Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі:______

Сынып жетекшісінің аты: Өтелгенова Л.Қ

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 14

Тақырыбы: Өмір қымбатсын маған

Мақсаты:

Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу;

Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру;

Оқушыларды ЖИТС немесе ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік, дағдысын қалыптастыру.

Педагогикалық маңыздылығы:

Оқушыларға тақырыпты түсіндіру негізінде адам ағзасына зиянды және қатерлі ауру туғызатын улы заттар туралы мәлімет берілді. Арақ, темекі, есірткінің пайдасы мен зиянын ашып айтып, оқушыларды жаманнан жирендіруге үйрету мақсатында өткізілген сынып сағатында оқушылар өз білгендерін ортаға салды.

































Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі: 3.02.2014ж

Сынып жетекшісінің аты: Өтелгенова Л.Қ.

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 15

Тақырыбы: Ардақта ата-анаңды

Мақсаты:

  1. Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да, парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;

  2. Халқамыздың тәлім-тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту;

  3. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.



Педагогикалық маңыздылығы:

Оқушыларға тақырыпқа сай толық мәлімет берілді. Ата-ананың қадірін, балаға деген қамқорлығын оқушыларға терең түсіндіре отырып, оларды құрметтеуге, мақтаныш етуге тәрбиелеу мақсатында слайдпен де, түрлі суреттермен де қоса ақпарат берілді. Оқушылар ерекше атсалысып, өз ойларын да ортаға салып, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды. Тіпті кейбір оқушылар ата-аналарымен өткізген қызықты да ұмытылмас қуанышты сәттерін жасыра алмады. Тәрбие сағаты өз дәрежесінде өткізілді.





































Сынып сағатының талдамасы

Мерзімі:

Сынып жетекшісінің аты:

Сынып: 8 «Ә» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны: 15

Тақырыбы:



Мақсаты:

1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу;

2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу;

3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.





Педагогикалық маңыздылығы:

«Арман» сөзінің мағынасын оқушылар өз ұғымдарынша жеткізумен қатар сол арманға жету үшін белгілі бір мақсаттың керек екенін де назардан тыс қалдырмады. Барлық оқушылар ішкі армандарын айтып, сыр бөлісті.

Оқушылар тақырыпқа сай жан-жақты мәліметтер айтты, өлеңдер оқыды, ән айтты, мақал-мәтелдерді де білгендерінше айтып жарысты. Барлығы дерлік қызығушылық танытып, тақырыпты түсіну үшін өз көзқарастарын білдірді.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал