- Учителю
- Ашық сабақ. 'Қозғалмалы ойындар' (4 сынып)
Ашық сабақ. 'Қозғалмалы ойындар' (4 сынып)
Сыныбы: 4 «В»
Сабақтың тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар»
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
а) Қозғалыс әрекеттерін құрастыру.
ә) ойлау белсенділігін арттыру
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, тапқырлыққа баулу.
Өтетін орны: Спортзал,
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Пайдаланатын құралдар: ысқырғыш, секундомер, волейбол добы
қ/с
Сабақтың мазмұны
Ұзақтығы
Әдістемелік ескертулер
I
Дайындық бөлімі. Ұйымдастыру кезеңі
15′ минут
Сапқа тұру. Кезекші, топтың сабаққа дайындығы және түгелдігі жөнінде рапорт беруі.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы; мақсаты; міндетімен таныстыру.
Командалық жаттығулар: оңға,солға, тіке, артқа бұрылулар.
Жүру жаттығулары: Спорттық жүріс.
Жүру кезінде арақашықтықты сақтау.Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен,
Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру. Қолды екі жанға қойып жүру, Табанның сыртқы және ішкі қырасымен жүру.
Секіру жаттығулары:
Оң аяқпен, сол аяқпен секіріп жүру
Алаң диагоналымен «киікше» секіріп өту.
Келесі диагоналда жылдам жүгіріп өту
Жүгіру жаттығулары:Алаңды айнала жүгіріп жүріп, алаң диагоналы бойынша жылдамдыққа жүгіру
Жалпы дене жаттығулары: Жұппен орындалатын жаттығулар
Сабақ өтілетін орынның санитарлық - гигиеналық
Спорттық киімдерін тексеру.
Жаттығу орындалысын қадағалау
II
Негізгі бөлім
25′ минут
Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл -қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .
Қимыл -қозғалыс ойыны
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл -қозғалыстарды дамыта аласыңдар.
Жарыс элементтері -айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.
Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жеке ойнайтын ойындар:
а) «Жел мен желбақыш »;
ә) «Айнал да жүріп кет » .
2) екеу болып ойнайтын ойындар :
а) «Кім күшті ?»;
ә) «Кім бірінші болады ?».
3) эстафеталық ойын :
«Доп» ойыны .
Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл -қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады. . Сонымен бірге бір-бірімен байланыс жасап ,тіл табысуға көп көмегін тигізеді
Қауіпсіздік ережесін сақтау
Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл -әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды .
III
Қорытынды бөлім
5 минут
Алаңды айнала, кең, қолды жоғарыға көтергенде кең тыныс алып, қолды түсіргенде тынысын шығару.
-
Бағалау. Үйге тапсырма беру. Сабақты қорытындылау
-
Үйге тапсырма беру
Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Кеткен кемшіліктерді ескертіп , оқушылардың ойынға деген ықыласын арттыру. Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау
Үстірт орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар»
Дайындаған: Дене тәрбиесі
пәнінің мұғалімі: Реушенова Г