7


  • Учителю
  • Ашық сабақтың тақырыбы Қазақтың ұлттық ойындарын денешынықтыру сабағында қолдану

Ашық сабақтың тақырыбы Қазақтың ұлттық ойындарын денешынықтыру сабағында қолдану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2-4 сынып Денешынықтыру

Ашық сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындарын денешынықтыру сабағында қолдану»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулығы зор, сымбатты болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысу қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Оларға қазақтың ұлттық ойындарын ойната отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.



Қажетті құралдар: Кегли , арқан, шаңғы таяғы, себеттер, доптар , секіргіш, ысқырық .



Сабақтың барысы:



Мұғалім сөзі: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі ашық сабағымызда қазақтың ұлттық ойындарын есімізге түсіре отырып,ұлттық ойындарды қатыстырып сабағымызды көрсеткелі отырмыз.

Барлығымыз бірге орындайтын ұлттық спорттық ойын түрлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерінді көрсететінідеріңе сенімдімін. Бүгінгі біздің сабағымыздың барысымен таныстырып өтейін. Ендеше сәттілік тілеймін!

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу, рапорт беру,сәлемдесу.

Сынып санын түгелдеу.

Сабақ міндетін хабарлау

Ықылас салу жаттығулары



2.Кіріспе бөлім: а)Жүгіру жаттығулары

- Бір қалыпта жеңіл жүгіру.

- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.

- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.

- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.

- Өкшені артқа қөтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.

- Дем алу, дем шығару.



б)Жүру жаттығулары

- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.

- Екі қол белде өкшемен жүру.

- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.



в)Саптағы бой жазу жаттығулары

- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.

- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айландыру.

- Қолды белге ұстап, басты оңға, солға және артқа, алға иеміз.

- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айландыру.

- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға

және солға кезекпен иілу.

- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң

аяққа кезекпен тигізу.

- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп,

екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан

бастапқы қалыпқа келу.

- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты

кезекпен жоғары көтеру.

- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру.

- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.

- Дем алу, дем шығару.



3. Негізгі бөлім: Ұлттық ойындар



1 -тур: «Бәйге» жарысы

2-тур: «Теңге алу» сайысы

3-тур: «Қыз қуу» жарысы

4-тур: «Арқан тартыс» жарысы

5-тур: «Күн мен түн» сайысы



4. Қорытынды бөлім



Сабақты қорытындылау.

Тыныс жолдарын қалпына келтіру. Оқушы/ды бір қатарға сапқа тұрғыэу.

Үйге тапсырма беру.

Оқушыларды бағалау.

Қоштасу. Бір қаттармен спорт алаңынан немесе залдан шығару.







Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында қаралды

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:

_____________С.Қ. Жубаниязов ____________Г:А.Оспанова Ж.С. Хамитова

«____»____________ «____»______________ Хаттама № «___»________



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Какен Аханов атындағы орта мектеп»КММ





Ашық сабақтың тақырыбы:







Ашық сабақтың тақырыбы Қазақтың ұлттық ойындарын денешынықтыру сабағында қолдану



2-4 сынып

Жауапты: дене шыңықтыру пәні мұғалімі Е.Қ.Хамитов.

Алғабас ауылы,2016 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал