7


  • Учителю
  • Реферат на тему национальные игры

Реферат на тему национальные игры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұлттық ойын - тәрбиенің бастауы



Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі.

Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Педагог әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуім ше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

«Аламан бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Жамбы ату»... Санамалай берсеңіз, қазақтың ұлттық ойындары осылай жалғаса береді. Біздің алға қойған мақсатымыз халқымызға тән осынау ұлттық ойындарымызды тізіп шығу емес.

Керісінше, ата-бабаларымыз бұдан сан ғасыр бұрын ойлап тауып, уақыт өте ұрпағына қалдырған ұлттық ойын түрлерінің маңызы мен мәнін саралап, дәл осы ойындарды жаңа ғасырда жаңаша пайдалануды бұлжымас дәстүрге айналдырсақ деген ой-пікірді иісі қазақ басшылардың есіне салсақ деген ниеттен туындап отыр. Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды һәм білімді болғанының дәлелі.

Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп» те отырған. Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз ойынның эстетикалық әсерін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға деген ықылысын оятып, дүниетанымын арттыра білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шынықтыруды мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен.

Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.

Ұлттық ойын - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл,елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты - халықтық ұлттық ойындары болып табылады.

Ұлттық ойындарды қолданудың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар оның мінез - құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезінен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

"Қазақ елінің жолаушы қонаққа көрсететін құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері, ұлттық күрестері мен ат жарыстары өзіндік ерекшеліктерімен сүйсіндіріп, сырт адамды қызықтырады" А.Гумбольд.

"Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген.Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған."

Қазақ халқы - ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Сонымен бірге, бұл ойындар әділдікпен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген. Өйткені ,ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.Мысалы: бәйгені алайық.Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады.Ол атты баптап,бағып-күтуге тура келеді.Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ған емес, ол - спорт, ол - шаруашылық тәжірбиелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату, т.б спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие.

Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген.Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды.Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді.

М.Жұмабаев ойындарды "Халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементтері," - деп тұжырымдайды.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

1. Жалпы ойындар

2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар

3. Ашық алаңқайдағы ойындар

4. Қыс мезгіліндегі ойындар

5. Демалыс ойындары

6. Ат үстіндегі ойындар

7. Аттракциондық көрініс ойындар

Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады.

Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі.

Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру,ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелейді.Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабағына, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады.Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықты жеңуге,еңбексүйгіш етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл- күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды, істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақьалу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Халық арасында "Денсаулық - зор байлық" деп тегін айтылмаған.Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты,ұлттық ойындарды, спорттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып, пайдалануға болады.

Мектепте оқцшыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжіребиелерін жинақтап және дамыта беру керек.

Осыған байланысты қозғалыс практикасы үшін дене шынықтыру мен спортты ұлттық және интернационалдық дамыту мәселелері маңызды мәнге ие болды. Қазірде дене шынықтырудың әр түрлі ұлттық түрлері пайда болуда және дамуда. Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорттың ұлттық түрлері, Одақтың басқа республикаларындағыдай жылдам даму үстінде.

Ұлттық және интернационалдық қатынас мәселесі республикадағы дене шынықтыру және спорттың ұлттық түрлерін жақындату тірегін шығарды. Нақты жағдайда, тек жақындату жөнінде ғана емес, дене шынықтыру және спорттың ұлттық түрінің белсенді жүйесі жө нінде айтуға болады. Өмірдің барлық аясында интернационалистік жүйелер орнады. Бірақ дене шынықтыру мен спорт аясында бұл жүйелер алғашқы атқарды.

Дене шынықтыру және спортты дамытуда дәстүр бірінші орын алды. Кеңестік дене шынықтыру қозғалысында ұлттық және интернационалдық қатынас жөніндегі сұрақ дұрыс шешілген. Спорттық дәстүрлер Қазақстан халықтарының дене шынықтыру және спорттың ұлттық

және интернационалдық түрлерінің айрықша белгілерінде дене тәрбиесінің барлық жүйесінің болмысы көрінеді. Әрбір жаңа қоғам, әрбір жаңа ұрпақ өзінің уақыты мен кезеңінің қоғамдық - тарихи жағдайының белгілері мен сипатына байланысты өткен дәстүрлерді қабылдайды, пайдаланады. Мысалы, төңкеріске дейінгі Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты қамтитын жағымсыз дәстүрлер аз болмады. Қазіргі уақытта олардың көбі халық өмірінен толық жойылды, тек ұлттық дәстүрлер, діндік дәстүрлер қалды.

Спорт аясындағы дәстүрлердің пайда болу сферасы көп қырлы. Біздің зерттеулеріміз мысалы, Қазақстанда - бұ ның аз шығуы және де үлкен болуы да мүмкін екенін көрсетеді. Олар пайда болғанымен, ең бірінші, дене тәрбиесі жүйесінің идеялары жағынан көрінеді. Қазақстанда жастарға спорттық дұрыс тәрбие беруге ықпал етуші жақсы дәстүрлер пайда болуда.

Дене шынықтыру және спорт - тәрбиенің өзекті мәселелерінің маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады, сондықтан да респупликада олардың ары қарай дамуына мемлекеттік қамқорлық керек.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың денсаулығын сақтау, дене шынықтырумен спортты жетілдіру міндеті қойылып отыр, яғни, рухани бай, адамзаттық ары таза, ой еңбегіне сай, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтарды тәрбиелеуді талап етуде.Мұндай жан-жақты үлесімді жетілген жасампаздарды тәрбиелеу, әрине мектеп үлесіне тиеді және онда дене тәрбиесі ерекше орын алады.Олай болу себебі - әрбір бағыт көздей жүргізілген дене қимылы жаттығу жұмысының нақты көрінісі. Ұлттық ойындарда дене тәрбие барысындағы қымыл-қозғалыс пен жаттығулар жеткіншекті батылдыққа баптап сымбатты етіп сомдау, ептілікке баулу сонымен қатар тазалық, дем алып рақаттану, бой жазу ой еңбек барысындағы, шашағының басу, сарпы еткен күш-қайратын қайта толықтыра білу.

Ұлттық тәрбие-ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи кәне процеске жатады. Оңдай тәрбие жүйесінің ұлттық ойындармен тығыз жүргуі тиіс. Бүкіл дүниенің табиғи тұтастығы бүгін күні бойындағы, тұтастықтың, үйлесімділіктің сақталмауына байланысты сияқты. Бұл қатерлі тоқтаудың жолы, ол адам бойындағы тұтастықты қалыптастыруға қатысты деп санаймыз. Сонда ғана адамзаттың өз бойында ішкі және сыртқы қасиеттері үйлесімді, жарасымды байланыста бола алады.Себебі адам ішкі қасиетін, сыртқы күш- қасиетін толықтырып отырса, керісінше сыртқы күшті ішкі қасиеттің қуаттайтындай үйлесімділікте болса ғана жеке тұлғаның нағыз толық тұтастығы қалыптасатың болады. Ішкі күшке жататын:бүкіл дененің қиымыл-қозғалысы, бұлшық ет күші т.б.

Бүгінге күнге дейін біз бала тәрбиесін олардың жеке қасиеттерін бөліп қарадық және оның бір ғана қырын дамытуға күш салып келдік. Тәрбие барысында не-ақыл ой немесе ұлттық ойындардың негізін дамытуға бет бұрдық.Бала тәрбиесіне бұл қасиеттердің бірінсіз бірін дамытуға болмайтының, олардың бірімен бірі тығыз байланыста екенін ескеріледі.

Ендігі жерде біздің мақсатымыз ұлттық ойындардың дене тәрбиесі арқылы жүйесін жетілдіру. Болашақ өркениеті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құдылығын бағалайтын, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінезі қалыптасқан, іскерлігі жоғары, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабылетті, күш ақылына ақылы сай ұрпақ тәрбиелеу болу керек.

Қазақстан халқының ұлттық ойындардың, дене шынықтырудың халық тәрбиесіне әсері өте зор.Халықтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрғысынан туған.Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінді байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Қазақ халқының ұлттық ойындардың тарихын, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын қолдану жолын тек біз ғана бүгінгі күні қозғап отырмыз дегеннен аулақпыз.

Осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар ұлттық тәрбие, ұлттық ойындарды дамыту, қолдану жайлы ғылыми жұмыстар, диссиертациялар жазған.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық педагогикасының бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі жайдан жай емес. Қазақ халқы - материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.

Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары жатады.

Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйренуі өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүр жалғастыра отырып, өткен мен бүгінді байланыстыра алуларына, сөйтіп "мәңгүрттікке" тосқауыл коюларына септігін тиізбек.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов: "Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше ерекше мағыналы болған"-деп тегіннен тегін айтпаса керек. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз, өйткені ең алдымен не болса да жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз.

Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып, кемеліне келгенше жолда кездескен сандаған үлкенді- кішілі арналардан бас кұрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та еді. Ұлт ойындары біздін көз алдымызға тап осы суреттерді елестеді. Өткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық.

Шынында да, көне жиналған думанды сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақ қа ұлттық мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халықтардың бірі. Ұлттық ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жекелеген нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Ойындардың өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой-құбылысының көрінісі, танып-білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келген өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал