- Учителю
- Разработка внеклассных мероприятии Жас туристер сайысы (8-9 классы)
Разработка внеклассных мероприятии Жас туристер сайысы (8-9 классы)
Кенен а.
БЖШО №1
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
Аудандық семинары.
Тақырыбы: «Жас туристер сайысы».
Өткізген: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.К.Кистаубаев
қазан айы. 2015-2016 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: 1. Жастарға және оқушыларға салауатты өмірді насихаттау.
2. Қордай ауданында спорт туризмін дамыту.
3. Экологиялық тәртіппен және қоршаған ортамен таныстыру.
Өткізу орны: Масаншы ауылы, Қарақоңыз қорығы, «Су-Алма» сайы.
Сабақ түрі: жарыс.
Құрал-саймандар: арқан, карабиндер, ілмектер, компас, қаптар, шатырлар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - 30 мин.
Орындарға орналасу, құрал-саймандарды дайындау, оқушыларды қауіпсіздік нұсқауларымен таныстыру, жарысқа дайындалу.
ІІ. Негізгі бөлім - 120 мин.
1. Салтанатты сап:
- Сапқа тұру, сәлемдесу, сыртқы киімдерді тексеру.
- Ұрандарды орындау, белгілермен(эмблема) таныстыру.
- Саптық дайындық ( оңға, солға, айнал).
-
Жарыс бөлімі:
-
Шатыр құру;
-
Қапты жинастыру тәртібі;
-
От жағу (уақытқа);
-
Көкжиектің тұстарын анықтау;
-
Азимут бойынша қозғалу;
-
Түйіндерді байлау және әр түйінге сипаттама беру;
-
Батпақты жерлерден өту тәртібі;
-
Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету;
-
Аспалы өтпеден өту;
-
Жартасқа вертикалды жақтаумен көтерілу;
-
Тежеуіш сегіздікпен вертикалды жақтаумен түсу;
-
Туристік әндерді орындау.
ІІІ. Қорытынды бөлім - 30 мин.
Сапқа тұру, жарыстың нәтижесін оқушыларға хабарлау.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Ауылдарына қайту.