- Учителю
- Урок по национальным играм
Урок по национальным играм
Сабақ жоспары
Тоқсан : 3
Күні:
Сынып : 5-6
Өткізілген жері : Спорт зал
Құрал жабдықтар: Секундомер, ысқырғыш,
Сабақтын тақырыбы : Асық ойындары - Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Білімділігі: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
1. Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызу.
а)cәлемдесу.
б)Сабақтың тақырыбымен мақсатын ,баяндау.
А) Оқушылардың үйірме мүшелігіне қабылдау туралы арыздарын алып, үйрме мүшелерін бекіту
Ә) Қажетті құрал - жабдықтарды тағайындап, олармен таныстыру, психологиялық ахуал туғызу
II. Ой қозғау:
Мұғалім:
- Асық туралы не білеміз?
Оқушылар:
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны
- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған
Мұғалім:
- Асық ойынын не себептен спорттық - олимпиада ойындарының қатарына қоспай отыр?
Оқушы:- Себебі, асық ойыны ұмытылып, асылын айтқан себептермен ойын ретінде шеттетілді, Бірақ қазір компьютердің ойындарымен ойнайтын балалар көп зиян шегетінін ешкім де айтпайтыны таңқаларлық, ағай
- Компьютер ойындары баланы ашушаң, қатігез, мейрімсіз етеді Көз жанарын бұзады. Қазір екі баланың бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны бұрын батырларымызды мергендікке тәрбиелеген
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. - Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады
Негізгі бөлім
23
Хан Талапай ойыны
Омпы ойыны
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)
3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/
4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған /
6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталады
Ең үлкен Асық сақа деп аталады , онымен басқа асықтарға лақтыраға лақтыру керек.
Хан Талапай ойыны бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға екеуден 10 адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық хан деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханныңқалай түскенін бақылап отырады. Егер хан бүк, шік, не тәйке түссе, ойын бастаушы бала ханның түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. Ханды жатысы хандыкіндей ең соңғы асықпен ғана атып алады. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал хан алшы түссе, балалар жарыса хан талапай деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. Хан кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды.
2 м. диаметрден шеңбер жасап, оның ортасында түзу сызық салады. Бұл сызықа асық кояды. Содан кейін асықтардан 4 қадам жасап, тағы сызық салады, сол қашықтан сақамен басқа асықтарға лақтырып тиігізу керек.
Аяқтау бөлімі
2
1.Сапқа тұрғызып, дене қызуын қалпына келтіру жаттығуларын орындату.
2.Сабақты қорыту.Баға қою.
</<font face="Times New Roman, serif">3.Үй тапсырмасын беру.
1
1
Асық атаулары:
1. Құлжа - арқардың аталығының асығы
2. Сақа - арқардың асығы
3.. Жабайт - еліктің асығы
4. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен
5.. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы