7


  • Учителю
  • Дене тәрбиесі «Спорт сенің серігің»

Дене тәрбиесі «Спорт сенің серігің»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Қарашоқат орта мектебінің

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Омаров Жаңбырбай Қазиұлы

Тақырыбы: «Спорт сенің серігің»

Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.

Түрі: жарыс түрінде. Қатысатын командалар:6-7 сынып оқушылары, капитан командалары .Керекті құралдар: ту, қапшық, қарындаш, ұш шығарғыш, формат, доп, скакалка, тапсырмалар, т.б.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Негізгі бөлім. Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың, Спортты серік ете біл, Чемпион болу оңай ма Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Спорт сенің серігің» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Спорт сенің серігің» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!

Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз. Жарысқа қатысатындарды шақырамыз, Әр таңды бақытпенен атырамыз Сайысқа қатысуға енді ортаға Спортсмен оқушыларды шақырамыз. Жарысқа қатысқалы отырған оқушылар шақырамыз. Қарсы алыңыздар! І топ - 6 класс ІІ топ - 7 класс

Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер! Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Жарыстың шарттары:

  1. Таныстыру

  2. Кенгуру сайысы

  3. «Кім жылдам».

  4. «Шегірткелер» сайысы.

  5. «Сурет салу».

  6. «Өз біліміңді тексер!»

7 . Секіртпемен жүгіру

8. Теннис ракеткасымен допты алып жүру

9. Арқан тартыс.

  1. Таныстыру./топ атын, ұранын таныстыру/

  2. Кенгуру сайысы. Үлкен доппен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген жерді айнала қайту. Осылайша бәрі секіркп болғанша жалғастырады

  3. «Кім жылдам». Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.

  4. «Шегірткелер» сайысы. Белгі бойынша бірінші тұрған екі ойыншы белгіленген жерге бірінің үстінен бірі секіріп барып секіріп қайтады. Осылайша ойын барлық команда жалғастырады.

  5. «Сурет салу».

Ойын шарты:

1 - бала ұш шығарғышты апару.

2 - бала қарындашты апару.

3 - бала қарындашты ұш шығарғышпен ұштау.

4 - бала қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу

5 -бала не салу керектігін ыммен түсіндіру

  1. -бала берілген суретті салу

  1. «Өз біліміңді тексер!»

Ойын шарты:

1 - бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу

2 - бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу

3 - бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу 4 - бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу

5 - бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу

  1. - бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу

  1. . Секіртпемен жүгіру. Белгіленген жерден айналып, секіріп келіп екінші топ мүшесіне береді. Осылайша бәрі секіркп болғанша жалғастырады.

  2. Теннис ракеткасымен допты алып жүру (белгі берілгеннен кейін теннис добын кедергілер арасымен алып жүру)

    9. Арқан тартыс. Екі каманда ортаға шығып арқан тартысады Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт - сапар!

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз!

Құрметті қауым!Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал