7


  • Учителю
  • Открытый урок. Волейбол. Допты астынан және үстінен қабылдау.

Открытый урок. Волейбол. Допты астынан және үстінен қабылдау.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Допты астынан және үстінен қабылдау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға волейбол ойынының айла - тәсілдерін үйрету, қозғалыста допты қабылдау элементтерін үйрету, жұптық , командалық ауызбіршілікті нығайту.

Міндеттері:

  1. Дайындық, негізгі бөлімдердегі жаттығу түрлерін жүргізу.

  2. Допты қолда сезіну үшін жасалатын арнайы жаттығуларды орындату.

  3. Қозғалыс ретін сақтауды үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Ысқырғыш, секундомер, волейбол доптары, волейбол сеткасы, проектр.

Өтетін орны:Спорт зал.

Өтетін сынып: 8 «б» сынып.

Өтетін күні: 2015 ж.

Уақыт: 45 минут.


Сағат

Бөлімі

М а з м ұ н ы


Сағ.

мезгілі

Әдістемелік нұсқау.

I.

Дайындық бөлімі:


Сапқа тұрғызу

Сәлемдесу!

Оқушыларды түгендеу

Жүру жаттығулары:

қолды төмен аяқ ұшына тигізіп жүру.

қолды жоғары созып артқа шалқая жүру

қолды алдыға айқастыра ұстап алдыға кең қадам жасап денені оңға, солға бұрып жүру

жылдам жүріс.


Жүгіру жаттығулары:


саппен бір қалыпты жүгіру.

жүгіріп келіп шабуыл соққысын орындау

.

оң, сол иыққа кезек бұрыла жүріп төменгі, жоғары тәсіл қимылдарын жасау.


360 грдуска айнала жүгіру.

жай жүру,терең тыныс алу.


Доппен жаттығулар:


қолды жоғары созып білек күшімен допты қабырғаға лақтыру


допты білек күшімен алдыға еңкейіп еденге серпе алдыға жүру


оң,сол қолмен бастан асыра кезек әріптесіне лақтыру

Екі қолмен жоғары лақтыру

Екі қолмен допты еденге соғу


Оқушыларды екі топқа бөліп бір топ төменнен,екінші топ жоғары тәсілмен жаттығу жасау

9-11'


1-2'

2-2,30'

.


2-2,30'

1-1,30'

3-4'

Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару,бір қатарға тұруын қадағалау.Түзу тұруына ,спорттық киіміне назар аудару, бұйрықтың дұрыс орындалуын қадағалау


Тізе бүгілмеу керек

Қол тіке жоғары ұстап толық артқа шалқаю

Денені тік ұстау қажет

Қол кеуде тұсында


Саптық қалыпты сақтау, жылдам жүру.

Саптық қатарды сақтап жүгіру .

Жоғары секіру

Жылдам қозғалу.


Жоғары тәсіл қимылын жасағанда қолды маңдай тұсында ұстау, төменгі тәсіл қимылын жасағанда алақанды бірінің үстіне бірін ұстап қолды толық алдыға созу.

Тепе-теңдікті сақтау


Саппен жүру.


Саппен жүру.

Қолды толық жоғары созып ұстап білек күшімен допты қабырғаға соғу.

Тізе бүгілмей, дене алдыға еңкейіп қолды төменгі соза ұстап білек күшімен допты еденге соғу.


Қолдың күшімен лақтыру.

Қос қолмен допты жоғарыға лақтыру.


Қос қолмен алдыға еңкейе допты бар күшімен еденге соғу.

Жоғары тәсілмен жасағанда допты маңдай тұсында 1-1,5м биіктікке лақтыру, төменгі тәсілмен қолды алдыға созып допты жоғарыға 1-1,5м лақтыру.

II.

Негізгі бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызып, жаңа сабақтың мақсатын айту. Оқушыларға допты қабылдау әдіс-тәсілдерін видео оқулық арқылы көрсету.


Екі ойыншыдан жұптасып орындалатын жаттығулар:

Жоғары тәсілмен ойнау: екі ойыншы бір-біріне қарсы орналасып бір-бірімен жоғары тәсіл арқылы ойнайды.

Допты жоғарыдан секіріп қабылдау: допты жоғары секіріп әріптесіне беру және секіріп қабылдау.


Төменгі тәсілмен ойнау: екі ойыншы бір-біріне қарсы орналасып бір-бірімен төменгі тәсіл арқылы ойнайды.


Алдыға ,артқа доппен ойнап жүріп қозғалу: екі ойыншының арақашықтығы 1,5-2метр алдыға артқа қозғала жүріп допты түсірмей ойнайды.


Жұптасып бірі шабуыл жасап екінші ойыншы допты қабылдау: бірінші ойыншы білек күшімен соққы жасап екінші ойыншы допты қабылдау арқылы кезек алмаса жаттығуды орындайды.


Үш ойыншыдан жұптасып орындалатын жаттығулар:


Артқа пас беру арқылы ойнау: бірінші ойыншы ортада орналасқан екінші ойыншыға пас беріп, екінші ойыншы арқасында орналасқан үшінші ойыншыға артпен пас беріп екінші ойыншы артқа айналып үшінші ойыншыдан пас қабылдап бірінші ойыншыға пас береді.


Орын ауыстыра қозғалып жүріп ойнау:

Екінші үшінші ойыншылар бір қатарда орналасып бірінші ойыншы қарсы бетте орналасады. Екінші ойыншы бірінші ойыншыға пас беріп бірінші ойыншының орнына барып сол уақытта үшінші ойыншы екінші ойыншының орнына барады, бірінші ойыншы пасты үшінші ойыншыға беріп сол ойыншының орнына барып орналасып жаттығу орын ауыстыру арқылы жалғасады.


Тордан асыра ойнау:Бірінші ойыншы тордан алшақ 2-3 м орналасып, екінші ойыншы тордың қасында, үшінші ойыншы тордың келесі жағында 2-3м қашықтықта орналасады. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға пас беріп екінші ойыншы қайтарып беріп бірінші ойыншы тордың келесі жағында орналасқан үшінші ойыншыға пас беріп, екінші ойыншы тордың келесі жағына өтіп жаттығу жалғасады


Екі жақты ойын.

28-30'


2-3'

1-2'

1-2'

1-2'


1-2'

1-2'


9-10'


2-3'

3-4'


2-3'

5-6'


Сапқа тұрғызу, толық тыңдауын қадағалау.

Допты тек жоғары тәсілмен ғана қабылдау

Допты жоғарылатып беру және допқа қарсы секіру.


Допты тек төменгі тәсілмен ғана қабылдау.


Ара-қашықтықты сактау, допқа толық бақылау жасау.


Артпен пасты дұрыс жеткізіп беру.

Допты төменгі,жоғары тәсілмен дұрыс қабылдау және әріптесіне допты жеткізу.

Орын ауыстыру ретін дұрыс орындау, допты әріптесіне жеткізіп беру.

Допты қабылдау, беру техникаларын дұрыс қолдану және допты дәл жеткізіп беру.

Жеңілдетілген ережебойынша ойын ойнату.

III.

Қорытынды бөлім:

«Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушылардың жаңа сабақтан алған әсерін білу.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру (секіру жаттығулары).

Оқушылармен қоштасу.

3-4 '

Сапқа тұрғызу.

Жекелеген оқушыларға нұсқау беру.

Сабақтағы белсенді оқушыларға баға қою



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал