- Учителю
- 'Өз жалаушалырыңа!' 1 сынып
'Өз жалаушалырыңа!' 1 сынып
№ Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: «Өз жалаушаларыңа!» ойыны.
Сыныбы: 1
Өтетін күні:
Өтетін орны: спорт алаңы.
Уақыты: 45 минут
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, ,т.б.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Өз жалаушаларыңа!» ойыны туралы тусіндіру, үйрету. Оқушылардың шапшаңдық қабілетін, икемділігін дамыту. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнап үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
№
Сабақтың мазмұны
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
1
I. Кіріспе бөлімі:
1.Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау. Сәлемдесу.
2.Үй тапсырамсын тексеру.
3. Дене қыздыру жаттығуларын орындату:
- Колымыз жоғары, аяктын ушымен журу;
- Колымыз жоғары көтеріп жугіру;
- Тіземізді сәл бүгіп жүгіру;
- Орнымызда отыр тұру.
10 минут
Сапта дұрыс тұрғанын қадағалау.
Жаттығу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
2
II. Негізгі бөлім:
-
«Өз жалаушаларыңа!» ойыны.
Ойын шарты:
Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5-6 қадам қашықтықта 4-5 бала тұратын сызық жүргізіледі.
Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады.
Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш-жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.
Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді.
Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта, ойынды күрделендіру үсынылады: жалаушаға баратын жолға 60 см. Биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге) қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарай жалаушаға жүгіреді.
-
Ойынды ойнату.
30 минут
Жаттығуды дұрыс орындауларын қадағалау.
3
III. Қорытынды бөлім:
-
Сапқа тұрғызу.
2. Сабақты қорытындылау, бағалау.
3. Үйге тапсырма беру.
5 минут
Жаттығуды орындау