- Учителю
- Алға, артқа домалау 5 класс
Алға, артқа домалау 5 класс
№1 Алға мектеп - бақша
5 сынып
Өткізген дене шынықтыру пәні мұғалімі: Алтыбаев.Б.Б
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Алға , артқа домалау. Жауырынға тұру,баспен тұру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Гимнастикалық төсеніште алға , артқа домалау, жауырынға тұру, баспен тұруға үйрету.
Дамытушылық: Гимнастика жайында білімдерін кеңейту. Оқушылардың акробатикалық сапаларын және икемділік, ептілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындауға дағдыландыру және тәрбиелеу.
Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс
Сабақты өткізу әдісі: Жаппай, топтық , жеке
Сабаққа керекті құрал - жабдықтар: Гимнастикалық төсеніштер, ысқырық, секундомер
Өтілетін орны: Мектеп спорт залы
I. Дайындық бөлімі - 13 мин
1. Сапқа тұру, кезекші мәліметін тыңдау, сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мазмұнын қысқаша түсіндіру. 3 мин Оқушылардың сапта тыныштық сақтап тұруын қадағалау.
2. Саптағы бұрылу жаттығулары: 30 сек
А) оңға бұрыл
Ә) солға бұрыл
Б) кері бұрыл
Жаттығуды бірдей дұрыс орындау.
3. Жүру жаттығулары: 2 мин
Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге ұстап, өкшемен жүру. Қолды алға созып, жартылай отырып жүру.
Қолды тізеге қойып толық отырып жүру. Осы қалыпта секіріп жүру.
Спорттық жүріс. Денені түзу ұстау.
Тізені бүкпеу. Басты жоғары ұстау.
Денені түзу ұстау. Арақашықтықты сақтау.
Толық отыру.
4. Жүгіру жаттығулары: 3,5 мин
Жай жүгіріс. Тізені көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа лақтырып жүгіру.
Қолды жанға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру.
Қолды алға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру.
Қолды белге қойып, оң қапталмен жүгіру.
Сол қапталмен жүгіру.
Қолды белге қойып, аяқты алға созып жүгіру.
Қол желкеде, аяқты артқа түзу ұстап жүгіру.
Артқа қарап жүгіру. Шапшаңдықпен жүгіру.
Спорттық жүріс. Жай жүріс.
Жүгіріп кету. Арақашықтықты сақтау. Толық көтеру. Қолды артқа ұстау.
Қолды түзу ұстау.
Қолды түзу ұстау. Жоғары секіріп орындау. Толық орындау. Аяқты бүкпеу. Алға сәл еңкейе жүгіру.
Оң қолды алға созып, сол иықпен Бұрыштама
Тыныс алу жаттығулары.
5. Бір орында жасалатын жаттығулар 4 мин
А) Аяқ иық көлемінде қол белде.
Басымызды оң жаққа 1 - 2 рет, сол жаққа 3 - 4 айналдырып.
Ә) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта, 1 - 2 иықты алға айналдырамыз. 3 - 4 иықты артқа айналдырамыз.
Б) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде, қолды ауыстырып алға артқа сермейміз
В) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 1 - 2, солға 3 - 4 айналдырып, қайталаймыз.
Г) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде, қолды ауыстырып кезек - кезек екі жаққа иілеміз.
Д) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол тізеде, іщке1 - 2, сыртқа 3 - 4 айналдырып.
Е) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қолды алға созып отырып тұрамыз.
Жаттығуды аяқтау.
Жаттығудың бірдей жасалуына мән беру
Денені тік ұстаймыз, көзді жұмбаймыз
Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиюін және толық айналуын қадағалаймыз
Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз
Қол белде, дұрыс еңкеюін қадағалаймыз
Толық еңкейеміз
Толық айналдырамыз
Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз
II. Негізгі бөлім - 27 мин
I. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалау, жауырынға тұру, баспен тұру.
Алға домалау жаттығулары.
1. Жүреден отыру.
2. Алға қолды тіреп еңкею.
3. Алға домалау.
4. Тізені ұстап жүреден отыру.
5. Тұру.
Артқа домалау жаттығулары.
1. Теріс қарап жүреден отыру.
2. Тізені ұстап артқа құлау.
3. Қолмен итеріліп аударылу.
4. Қолды тіреп жүреден отыру
(Бастапқы қалыпқа келу)
Жауырынға тұру жаттығулары.
1. Теріс қарап жүреден отыру.
2. Тізені ұстап артқа құлау.
3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу.
4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау. Баспен тұру.
1.Екі қолың жерге тіреп, баспен тұру.
Оқушыларды топқа бөліп, эстафеталық ойын ойнату.
Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалап тұру.
Аяқтың ұшын тік ұстау. Белді түзу ұстау.
Бастапқы қалыпқа келу денесін түзу ұстап екі қолын жоғары түзу көтеру.
Ойынның ережесімен таныстыру.
Дұрыс ойнауларын қадағалау
III. Қорытынды бөлім - 5 мин
1. Сапқа тұру. 2. Сабақты қорытындылау.
3. Үйге тапсырма. 4. Қоштасу. 1 мин
Түзу тұруына көңіл бөлу.
Кемшіліктер мен жетістіктерді атап өту.