7


  • Учителю
  • Отбасылық 'Толағай' сайыс ойыны

Отбасылық 'Толағай' сайыс ойыны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс

Мақсаты:Балалардың дене бітімін жақсарту,оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. ¬Өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатты орындауға үйрету.
Көрнекі құралдар: доптар, қаптар, гимнастикалық орындықтар, кегли, секіргіш, үрленбелі аттар, геометриялық пішіндер, шығыршықтар, тунель.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты - болашаққа жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
«Отбасы» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа «Айгөлек», «Балбөбек» орта топтарының тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысады:
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгіне бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларды шақырамыз.
Жүргізуші:Әнұраным, жан, ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам-Әнұраным
(Әнұран орындалады).

Әділқазы бағалар,
Ойыншылар сайысын
Ешкімнің жоқ алалар.
Женімпаз болу -үлкен сын,-деп әділқазы алқасымен таныстыру.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер!
Жүргізуші: Сайысқа 4 отбасы қатысады.
«Сұңқар» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Еркебұлан, Венера, Ұлжан
«Көгершін» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Ерзамат, Сұлушаш, Айзат
«Тұлпар» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Еркебұлан, Жанар, Абылай
«Қарлығаш» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Қуандық, Гулзат, Бірғаным
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
(Топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтады).
1. «Тұлпар» тобы
Біздің ұранымыз:
Биіктерге тұрамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бірлікпенен күш қосып
Тұлпарларша шабамыз
2. «Көгершін» тобы
Біздің ұранымыз:
Көгершін самғар әлемді
Қабылда біздің сәлемді
Қарлығаш пен Сұңқардай
Құспыз ғой бізде кәделі
3. «Сұңқар» тобы
Біздің ұранымыз:
«Сұңқардай самғаймыз
Жарыстан қалмаймыз».
Жеңіске жетеміз-деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
4. «Қарлығаш» тобы
Біздің ұранымыз:
Қарлығаш тобы сіздерге
Жалынды сәлем береді
Сүрінбей өтіп сындарған
Жалынды ұран тастаймыз
Жүргізуші:Жанға қуат-шынығу,
Жаттығу,тынығу.
Сымбатты болуда,
Спорттың жолында, - деп сайысымызды бастамас бұрын
сіздерді дене қыздыру жалпы жаттығуын жасауға ортаға шақырамын.
1.Аяқ алшақ қол белде басымызды бір,екі оңға иеміз.
2.Мойынымызды бір,екі алға,үш,төрт артқа айналдырамыз.
3.Қолымызды иығымызда бір,екі алға,үш,төрт артқа айналдырамыз.
4.Қолымызды алға созып қайшылаймыз.
5. Аяқ алшақ бір қолымызды алға созамыз, екі аяқтың ұшына жеткіземіз.
6. Тыныс алу жаттығуы.
( Ән ырғағымен жалпы жаттығу орындалады )
Жүргізуші: Бала тәрбиелеген тәрбиеші
Бала болып ойлайды.
Бала өсірген ата - ана,
Бала болып ойнайды.
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан қалып қоймайық! - деп сайысымызды бастаймыз.

1. « Кедергілер » сайысы
Шарты: Құрсау арасынан өту. Кеглилердің арасынан жүру.

2. « Кім жылдам? »
Шарты: Топ басшылары допты жерге соғып мәрені айналып қайтады. Ал балалар допты қолдарына ұстап,жүгіріп мәреге дейін жетіп, кері қайтады.

3. « Қапшықпен секіру »
Шарты: Топ басшылары ( әкесі ) қапшықтың ішіне екі аяқпен кіріп, жалауға дейін секіріп, қайтып секіріп қайтады.

4. « Қара жорға биін нақышына келтіріп билеу »

Әрбір қазақ баласы,
Дәл осылай билесін.
Жар салып, алты Алашқа,
« Қара жорға » билесін!

5. « Геометриялық пішіндер »
Шарты: ойыншылардың алдына қатты қағаздан жасалған геометриялық пішіндер төселеді, сол геометриялық пішіннің жанына тұрып, үшбұрыш болса қолдарымен үшбұрышты,төртбұрыш болса төрт бұрышты және шеңберді жасап, берілген мәредегі конусты айналып кері қарай тура жүгіріп, ата-анасы эстафетаны баласына береді. Ал балалар геометриялық пішіндерден тақтаға үй құрастырады. Бірінші және жарыс ережесін дұрыс орындаған топ жеңімпаз болып есептелінеді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал