- Учителю
- Открытый урок на тему' Дарабоз' 8 класс
Открытый урок на тему' Дарабоз' 8 класс
|
|
Тақырыбы: «Дарабоз» сайысы. Мақсаты: Спорттық ойындарды орындата отырып , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайуы ,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Керекті құралдар: доптар, кеглилер,ожау,қап,мат, Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың, Сауығып айдай толарсың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боларсың. Жеңімпаз болу оіай ма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Құрметті сынып жетекшілер және оқушылар бүгінгі «Дарабоз»сайысымызға хош келдіңіздер! Әр таңды бақытпенен атырамыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға - 1. 8 «а»сыныбын шақырамыз. 2. 8 «ә» сыныбын шақырамыз. 3. 9 «а» сыныбын шақырамыз. 4. 9 «ә» сыныбын шақырамыз. (әр сынып орнына келіп тұрып, тобын таныстырады)
Жүргізуші: «Дарабоз» сайысы - тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық
1.Ұтылғанға 1 ұпай 2.Тең болғанға 2 ұпай 3.Жеңгенге 3 ұпай Ұпай саны 1-2-3 сандарымен есептеледі. Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер. Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық. 1. Тәрбие жөніндегі орынбасары:Мусина М 2. Бейімдік жөніндегі орынбасары:Кенжина Р 3. Дене тәрбиесінің мұғалімі: Қалмағанбетов.Ж 4. Қызғалдақ балабақшасының дене тәрбиесінің мұғалімі: ТеңешоваГ. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. І Кезең: «Желаяқтар» Ойын шарты: Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді. IІ Кезең: «Кенгру» Ойын шарты: Қаппен секіру ІІІ Кезкң: «Теңге ілу» Ойын шарты: Әр топ қол добымен секіріп, өздеріне берілген түстегі шарларды бір- бірден төрт рет келіп шарды жару. ІV Кезең: «Секірмек» Ойын шарты: Бірінші ойыншы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы құрсаумен секіреді, ал үшінші ойыншы атпен шауып келеді, төртінші ойыншы кедергілердің арасынан өтеді. V Кезең: «Ожаумен су тасу»
Ожаумен су тасу (суды шашып-төкпей межелеген жерге тасу)
VІ Кезең: «Картоп егіп кел де, жинап ал» Ойын шарты: «Картоп егіп кел де, жинап ал»
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден- Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол- Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тарасса бізге жарады.
Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. (Әділқазыларды тыңдау) Уа, халайық назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сауда. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да. Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет!
|