7


  • Учителю
  • Сыныптан іс - шара «Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ»

Сыныптан іс - шара «Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән:дене шынықтыру

Мұғалім: Кабылдин Б.К.

Күні: 20.11.2014 ж.

Сыныбы: 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру және үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, тоғызқұмалықтың ережелерін түсіндіру және көрсету.

Тәрбиелілік: оқушыларды адалда, иманды, ақыл-ой өрісін дамыту мақсатында оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Ізденіс

Құрал-жабдықтар: сағат, тоғыз құмалақ тақтасы, интерактивті тақта, презентация, дидактикалық материал.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру - 5 мин

  • Сәлемдесу

  • Сабақ барысын айтып түсіндіру

  • Көніл күй көтеру



2. Негізгі бөлім - 25 мин

Тоғызқұмалақ - қазақта кең тараған қызықты ойын түрі. Қаратау қазбаларынының арасынан табылған тас "қазан" осы тоғыз құмалақты еске салады. Бұл ойын Қырғызстан, Монғолия, Қарақалпақстан, Өзбекстан, тіпті алыс шетел қазақтарының арасында тараған. Бас шынықтыратын бұл ойынды біздің ұлттық "шахматымыз" десе де болады. 162 таста ойнатылады.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.



«Сұрақ - жауап»

  • Жұп сандар дегеніміз не?

  • Тақ сандар дегеніміз не?

  • Тоғызқұмалақ ойынының қандай негізгі терминдер бар?



Тұздық алу:

Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады.

Атсырау ережесі:

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады.

• Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып танылады.



Тоғызқұмалақ ойынының тастарын орналастыру әдістері



3. Жаңа сабақты бекіту

  • Тестпен жұмыс

  • Ойын тәсілдері



4. Жаңа сабақты қорытындылау

Рефлексия

  1. Тоғызқұмалақ ойыны туралы не білдіңіздер?

  2. Ойын ережелерден не түсініксіз болды?

  3. Ұлттық ойындардан қандай ойын қызықтырады?

Назарларыңызға рахмет сабақтан қалмай, сапалы да, саналы білім алыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал