7


  • Учителю
  • Дене тәрбиесі бойынша дәріс 'Волейбол ойынының әдіс-тәсілдері'

Дене тәрбиесі бойынша дәріс 'Волейбол ойынының әдіс-тәсілдері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты: Волейбол ойынының мазмұнын, ережелерін, ерекшеліктерін, ойын шарттарын, қабылдау әдістерін үйрету. Оқушылардың волейбол ережелерін меңгергенін тексеру.

Дамытушылық: Жаттығулар арқылы допты қабылдау, қайтадан беру тәсілдері, ептілік, икемділік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту, тез шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Волейбол добы, ысқырық, волейбол ойынының сурет сызбалары.


Сабақтың мазмұны

Уақыт жүктеме

Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлімі

1

Спорт залға оқушыларды орыннан ұзындыққа секіріп кіргізу.

Сапқа тұрғызу. Кезекші мәліметі, сәлемдесу.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.




2 мин

Студенттер ОҰС кезде кім қаншаға секіргенін айту.

Студенттер киіміне, тәртібіне, бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару.


2

Бұрылу бұйрықтарын орындау. Оңға бұрыл! Солға бұрыл! Кері айнал! Саптық адыммен алға бас!




1 мин

Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сол аяқпен бастау.


3

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:

  1. Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;

  2. Қол белде, өкшемен жүру;

  3. Қол белде, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру;

  4. Қол белде, жартылай отырып жүру;

  5. Қол тізеде, отырып секіру;

  6. Спорттық жүріс.


4 мин

Арақашықтықты сақтау, қолды, бүкпеу, денені тік ұстау, басты көтеру. Денені тік ұстау, қол бел тұста бүгілу, жылдам орындау.

Жаттығудың толық орындалуын қадағалау



4

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

  1. Тізені жоғары көтеріп жүгіру;

  2. Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;

  3. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;

  4. Оң, сол жақпен қолды айналдыра жүгіру;

  5. Артпен жүгіру;

  6. Жай жүгіру;

  7. Спорттық жүріс;

  8. Тыныс алу жаттығулары.


6 мин

Арақашықтықты сақтау. Алақанға тізені тигізу, кеудені тік ұстау, басты көтеру.

Денені тік ұстау, қол бел тұста. Алақанға тигізу, қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау. Алға, артқа барынша төмен айналдыру, оң, сол жаққа қарау. Алаңды толық пайдалану. Еркін жүгіру. Тынысты қалыпқа келтіру.

Негізгі бөлім



5

Волейбол добын беру және қабылдау түрлері туралы түсінік беру.

  1. Сапқа тұрғызу. Ойыншының алаңда тұру, орын ауыстыру тәртібі.

Допты жоғарыдан беру, алу, төменнен беру, алу тәсілдерін түсіндіру, орындалуын көрсету.

  1. Қарама-қарсы орындалатын жаттығулар:

  1. Допты бір-біріне жоғарыдан беру;

  2. Допты жерге соғып беру;

  3. Бір қолымен кезектеп допты беру;

  4. Допты алақанымен соғып беру;

  5. Лақтырып беру;

  6. Алаңда тордың жанына тұрып, әр түрлі тәсілмен соғып беру;

  7. Бір-біріне допты жоғарыдан, төменнен беру, қабылдау.






27 мин

Екі топқа бөлу. Допты саусақтын ұшымен алу, қарама- қарсы тұрып орындау. Сәл тізені бүгіп допты астынан алу.

Түсіндіру, үйрету, көрсету.

Сақтандыру әдістерін қолдану.

Допты астынан, үстінен беру.

Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгіліп, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болу керек. Допты тура беріп төменнен дұрыс қабылдау керек.



6

Арнайы бейімделу, дағдылану жаттығулары:

  1. Допты жоғарыдан қабылдап алу;

  2. Допты жоғарыдан беру;

  3. Допты төменнен қабылдау;

  4. Допты оң және сол жақпен астынан қабылдау;

  5. Құлап бара жатып алу;

  6. Допты екі қолмен орында тұрып және алға қарай қозғалыстан кейін беру;

  7. Артқа қарай беру;

  8. Астынан жоғары көтеру;

  9. Допты тордан асыру.



Аяқ пен қолдын қимылы үйлесімді, допты беру кезінде қолды төмен жазылып, аяқ бүгілген қалыпта түзеліп, өкше көтерілуі керек.

Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау.

Қорытынды бөлім



7

Екі топқа бөлініп ойын өткізу.

Сапқа тұрғызу.

Қимыл-қозғалыс ойындары, тыныс алу жаттығулары.

Сабақ барысын қорытындылау. Студенттерді бағалау. Үйге тапсырма беру.

5 мин

Сабақ барысында жіберілген қателер болса айту, түзету.

Тәртәпке назар аудару.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал