- Учителю
- Сабақ тақырыбы, Президенттік тест-оқушы денсаулығының
Сабақ тақырыбы, Президенттік тест-оқушы денсаулығының
Қандыағаш қаласы
Тақырыбы; Президенттік тест-оқушы денсаулығының
көрсеткіші
Орындаған; дене шынықтыру пәні мұғалімі
Нұрғалиев. Н
2014-2015 оқу жылы
Президенттік сынамалар-бұл бақылаулық нормативтер арқылы халықтың оқуға,еңбек қызметіне дене тәрбиесі даярлығының және жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың жиынтығы.
Мақсаттары мен міндеттері
Президенттік сынамалардың мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, халықты дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, өз денсаулығын және өмірдің әр түрлі кезеңіндегі дене тәрбиесі даярлығының деңгейін айқындауда оның қажетін қанағаттандыру. Президенттік сынамалардың негізгі міндеттері дене тәрбиесінің жәй-күйі мен дене шынықтыру жаттығулары әдістеріне халықтың сауығуын, жастарды оқуға, еңбек қызметі мен әскери қызметіне даярлығын бағалау болып табылады.
Президенттік сынамалардың құрылымы
Халықтың дене тәрбиесі даярлығының президенттік сынамалары күштілікті, шыдамдылықты, шапшаңдық пен ептілікті көрсететін сынақтың жеті түрін қамтиды.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене тәрбиесі даярлығының екі деңгейінен-Президенттік деңгей мен ұлттық даярлық деңгейінен тұрады
1.Президенттік деңгей жан-жақты дене тәрбиесі даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.
2.Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларды, топтарды, командаларда дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11 сыныптарында өткізіледі.
Балалардың дене тәрбиесіндегі мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен белгіленеді, Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасы балалары мен жасөспірімдердің дене шынықтыру бағдарламасында және білім жүйесімен дене шынықтыруды дамыту конституциясында 1-9 сыныпқа арналған жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесі жөніндегі ережесінде, өскелең ұрпақты жан-жақты дамыған демократиялық қоғам мүшесі ретінде тәрбиелеуде дене тәрбиесінің алар орны маңызды. Өйткені ол жастарды еңбекке, қоғамдық өмірге және отан қорғауға тәрбиелейді. Оқушылардың дене тәрбиесінің өркендеп дамуына «Президенттік сынақтың» қосар рөлі зор. Президенттік сынақ пен мектептегі дене тәрбиесінің, соныңмен бірге сыныптан тыс спорттық және дене шынықтыру сауықтыру жұмыстары бір-бірімен тығыз байланысты.
-
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың соның ішінде 5-9 сыныптың теориялық ілімі, жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты және т.б. Президенттік сынақтың талаптарын орындауға дайындайды.
-
Негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту және оларды күрделі жағдайда орындалуды, осыған керекті қозғалыс сапасын дамытуды үйретеді.
-
Оқушылардың өз бетімен дене жаттығуларымен айналысуын қалыптастыру және әдетке айналдыру. Дене шынықтыруға дейін қызығушылыққа тәрбиелеу, оны оқушылардың күн тәртібіне енгізуге ықпал ету.
-
Оқушылар тұлғасының дұрыс қалыптасуына, дене шынықтырудың дамуына ықпал ету. «Президенттік сынақ»пен дене шынықтыру бағдарламасы көмегімен мектепте сауықтыру, спорттық тәрбиелік және білімдік мақсаттар шешіледі, оқушылар дене шынықтыру сабағымен және бұқаралық спортпен айналысуы талпыныс жасайды.
«Президенттік сынақ» талаптарын орындаумен қатар балалар даөздерінің меншікті мақсаттарын қалыптастыруға ықпал етеді. Олардың дене шынықтыру сабағына деген көз қарастарын, дене қасиеттерінің негізін және өмірде қажетті іскерлікпен дағдыны дамытып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Қазақстан Республикасында 5-9-11 сынып оқушыларының және оларды жан-жақты дене күші дайындығының негізгі нормаларында «Президенттік сынақ» оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасының негізін кұрайды. Қазақтың ұлттық қимыл ойындары мен дене жаттығуларын кеңінен пайдаланғанда оқушылар бағдарлама талаптарын табысты меңгеріп қана қоймай, сонымен қоса «Президенттік сынақ» деңгейін орындауда да жалпы жұмыс істеу қабілетін арттырып, денсаулығын нығайтуға қол жеткізеді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Нурбек .Нургалиев
Қандыағаш қаласы №4 орта мектеп