7


  • Учителю
  • Конспект по физкультуре на тему'кіші аттан секіру', 'арқанда өрмелеу'

Конспект по физкультуре на тему'кіші аттан секіру', 'арқанда өрмелеу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары №_______

Дене тәрбиесі сабағынан ____ сыныпқа арналған

Тақырыбы: 1.Кіші , үлкен аттан секіру үйрету

2.Арқанда өрмелеу үйрету

Күні:____________

Уақыты: 45минут

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауды үйрету.

2. Гимнастика жаттығуларының түрлерін, әдіс-тәсілдерін,техникасын үйрету.

3. Оқушылардың күш, икемділік, ептілік т.б. қасиеттерін дамыту.

Өтетін орны: спорт зал

Керекті құралдар: төсеніштер,үлкен,кіші ат, көлденен түсірлген арқан

Пән мұғалімі: Жақсыбаев.Е

Сабақ бөлімі

Сабақ бөлімі

Уақыты

Әдістемелік нұсқау

I






Ұ

Й

Ы

М

Д

А

С

Т

Ы

Р

У


Б

Ө

Л

І

М

І


- Сапқа тұру. Сәлемдесу.

- Түзел! Тік тұр!

- Оңға, солға, кері айнал!

- Сабақтың тақырыбын айтып мақсатымен таныстыру

- Алаңды айналып жүру

Жүру жаттығулары:

1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру

2. Қолда аяғымызға тигізіп жүру

3. Қол алда жартылай отырып жүру

4. Қол белде толық отырып жүру

5. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру

Жүгіру жаттығулары:

  1. Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру

  2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру

  3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру

  4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру

  5. Қол белде жанымызбен жүгіру

Ж.Д.Ж

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 - 2 қолымызды артқа сермейміз. З - 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З - 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 -артқа шалқаямыз, 2-алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3-қолымызды жазып отырамыз, 4-б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 -2 қолымызды артқа серменйміз. 3-4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 -2-3-4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 -2-3-4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 -оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 -сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 - ортаға еңкейеміз 4 - Б.қ.


5-10 мин

Спорттық кимдеріне көңіл бөлу

Дұрыс бұрылуын қадағалау


Денемізді тік ұстаймыз

Тіземіз бүгілмейді


Тіземізді барынша жоғары көтереміз

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау

Қолымызды аяғымызға тигіземіз


Шынтақты бүкпейміз


Тізе бүгілмейді

Аяқтың ұшына секіреміз

II


Н

Е

Г

І

З

Г

І

Б

Ө

Л

І

М


1. Жүгіріп келіп ағаш аттың үстіне секіріп шығып жүреден отырып , одан түргеле беріп бір қолды сермей секіріп түсу.

2. Осылайша жүреден отырып , жерге оңға және солға бұрыла секіріп түсу.

3. Ағаш атқа оң , сол қолды тіреп , екі аяқпен одан секіріп асып түсу.

4. Екі қолды тіреп тұрып , екі аяқты алшақ ұстаған қалыпта аттап секіріп өту.

Әрбір секіру кезінде мына төмендегі секіру элементтері орындалады: 1. аяқты жерге тіреп серпілуге дайындалу; 2. серпілу; 3. ұшу; 4. жерге түсу.

Арқанмен өрмелегенде қол мен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Әдетте аяқтың күші аз пайдаланылады.

Арқанмен өрмелеудің негізгі екі тәсілі қолданылады: біріншісі - арқанды аяққа орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу, екіншісі - арқанды екі тіземен қысып тұрып қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу.

Негізгі жаттығуларды орындамас бұрын мынадай дайындық жаттығулары орындалады:

  1. Арқанға асылып тұрып тербелу

  2. Арқанға асылып тұрып, аяқты алға соза жоғары көтерілу

  3. Асылып тұрған қалыпта аяқтың ұшын қолға тигізу.

Өрмелеу осы жаттығуларды орындап болғаннан кейін басталады.Жоғарға өрмелеу ұлдар 4м , қыздар 3м


25-30

минут



III

Қ Б

О Ө

Р Л

Ы І

Т М

Ы

Н

Д

Ы


- Сапқа тұрғызу.

- Сабақты қортындылау.

- Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

- Оқушылардың тыныс алуын қалпына келтіру

- Үйге тапсырма беру.

- Оқушылармен қоштасу.


5-7

минут

Сапқа дұрыс тұруын қадағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал