7


  • Учителю
  • Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері

Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу; 2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін д
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
1. Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу;
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру.
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу, денені шынықтыруға әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін дамыту; Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: Ж.Караевтің «ОҮӘЖ» пед. технологиясының әдістері
Сабақтың өтетін орыны: 11 В .Мультимедиялық кабинет .
Керекті құрал - жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта. Сабақтың құрылымы. Тақырыпты оқып үйренудің үшкезеңдік алгоритмі.

І кезең (5-7 минут)

  1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

ІІ кезең (20-25 минут)

  1. 5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

  2. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

  3. Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

ІІІ кезең (сабақтың қалған 12-15 минуты және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт)

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут).

  2. Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.



І кезең (5-7 минут)

А ) Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу ,түгендеу.

Ойларын сабаққа аудару

Ә)Үй жұмысын тексеру

Сұрақ- жауап әдісі:

Тоғызқұмалақ қандай ойын?

Ойынның аты не мағына береді?

Неше құмалақ қажет?

Қоштаушы деген кім?

Бастаушы деген кім?

Қазан деген не?

Ойынның қандай құралдарын білесіңдер?

Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы көрсетіліп, құрылымына тоқталып өтеді.

ІІ кезең (20-25 минут)

  1. 5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

. «Даналық ұясы» ойыны

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.

Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.

Тақтаға әр бір оқушының отырған орны көрсетілген карта іліну керек.Соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын орналастырады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы басқа ұядан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

  1. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

Негізгі мақсат - ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.

Бірінші есептеу жолы. А) Егер қосынды 10 немесе10 - ға жетпейтін болса қосындыдан 1 - ді шегереміз
мысалы: 214=2+1+4=7 - 1=6
Б) Егер қосынды 10 - нан артық болса, қосындыдан 10 - ды шегереміз
Мысалы: 713=7+1+3=11 - 10=1
Екінші есептеу жолы
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.
*Егер қосынды 10 немесе 10 - ға жетпейтін болса, қосындыдан 1 - ді шегереміз;
*Егер қосынды 10 - нан артық болса қосындыдан 10 санын шегереміз
*Егер қосынды 20 немесе 20 - дан артық болса, қосындыдан 19 - ды шегереміз. мысалы: 915=9+15=24 - 19=5
*Егер қосынды 29 - дан 37 - ге дейін болса, қосындыдан 28 - ді шегереміз мысалы: 824=8+24=32 - 28=4
*Егер қосынды 38 немесе одан көп болса, қосындыдан 37 - ні шегереміз
Мысалы: 636=6+36=42 - 37=5

Үшінші есептеу жолы
*Егер отауда 10 құмалақ жатса, аттас отауға барып түседі.
*Егер 19 құмалақ болса 1 айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
* 28 құмалақ 1, 5 айналым жасап, қарсыластың аттас отауына түседі.
*37 құмалақ екі айналым жасап, өз орнына келіп түседі.


3. Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

Тапсырмалар орындау, мысал-есептер шешу.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қоштаушы
• Тұздық
• Атсырау ( Анықтама беру)

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу
315, 712, 524, 217, 819, 921, 737,


ІІІ кезең Деңгейлі тапсырмаларды орындау.

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (9 минут).

  2. Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

І - деңгей тапсырмасы:

1.Тоғызқұмалақ ойынына жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81 б) 82 с) 162

2.бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

А) бастаушы б)Қоштаушы с) Жүрүші 3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

А)9 б)18 с)16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын.

А)отау б)тақта с)қазан

5.Қай отауға тұздық қойылмайды?

А)тоғызыншы отауға б)екінші отауға с)алтыншы отауға

ІІ-деңгей тапсырмасы:

Сәйкестендіру тесті

1.отау " Көкмойын"

2. отау "Бел"

3.отау "Қандықақпан"

4.отау "Маңдай"

5. отау "Атөтпес"

6. отау "Тектұрмас"

7 .отау "Арт"

8 .отау "Белбасар"

9 .отау "Атсыратар"

ІІІ-деңгей тапсырмасы:

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу: 315,712,524,217,819,921,737.Жүрісті дұрыс есептегенде құмалақтың қайсы отауға түсетіні анықталады.


Сабақты қорытындылау

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген? Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар? Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз? Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз? Жұп, тақ сандар

Үйге тапсырма

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отау аттарының мағынасын

анықтау үшін іздену.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал