7


  • Учителю
  • Спорттық отбасылық сайыс Толағай

Спорттық отбасылық сайыс Толағай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Толағай - отбасылық сайыс» ойыны.

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Көрнекі құралдар: Толағай жазуы, спортқа байланысты нақыл сөздер, шарлар, спорт энвентарьлары.

Өту барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі - спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің

мектебіміздің 1 «А» сынып ұлдары мен сүйікті әкелерінің арасында өткелі тұр.

1-жүргізуші: Алдарыңызда 1-ші сынып қыздары денсаулық тақырыбына арнаған өлеңдерін оқып береді. Қабыл алыңыздар!

Сымбат: Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз,

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

С.Ділназ: Су - табиғат байлығы,

Өзен - көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

М.Ділназ: Жүйрік болса кім,

Күлімдейді күн.

Жарыста жүгір, алға ұш,

Қане, сапқа тұр.

Допты дәлдеп ұр,

Оң жақтан да, сол жақтан,

Бізде бар мол күш.

Айғаным: Басты байлық - денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.

Мерейім: Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған.

1-жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңізді таныстырыңыздар.

(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)

2-жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Майда Ермековна - директордың құқық жөніндегі орынбасары.

2. Асия Шабдановна - даярлық топ мұғалімі.

3. Мазибек Абдуллаевич - дене шынықтыру мұғалімі.

1-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

2-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

1-жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

1. «Мұртты кенгуру» сайысы.

2. «Пингвин» сайысы.

3. «Қаңбақ шар» сайысы.

4. «Сафари» сайысы.

5. «Футбаскет» сайысы.

6. «Кім көп секіреді?» сайысы.

7. «Желаяқтар» сайысы.

2-жүргізуші: 1 конкурс: «Мұртты кенгуру» сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші

жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да әкесінің

алақанынан ұрып келесі эстафетаны әкесіне береді. Сонан соң әкесі қайталайды.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Апай: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: 2 конкурс: «Пингвин» сайысы.

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре

сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафетаны береді.

Сонан соң әкелері қайталайды.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Апай: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі

әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

2-жүргізуші: 3 конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.

Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып,

қайтар жолда жүгіріп кету керек. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің

алақанынан ұрып эстафетаны береді. Әкелер қайталайды.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Апай: Ал енді «Қаңбақ шар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: 4 конкурс: «Сафари» сайысы.

Қаппен секіріп барып себеттегі шарларды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағы

секіріп бару. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің

алақанынан ұрып эстафетаны береді. Әкелер қайталайды.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Апай: Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

2-жүргізуші: 5 конкурс: «Футбаскет» сайысы.

Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады.

Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Әкелері допты баскетболдағыдай жерге ұрып

отырып барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Апай: Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: 6 конкурс: «Кім көп секіреді?» сайысы.

Балалар әкелеріне скакалкамен секіріп барады да скакалканы береді, ал әкелері

скакалканы аяқтарынын астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Апай: Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

2-жүргізуші: 7 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.

Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, әкелерінің алақандарын

ұрып эстафетаны береді. Қайтар жолда әкелері отырып жылдам мәреге жүріп келу

керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Апай: Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

1-жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

2-жүргізуші: Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Апай: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Алда келе жатқан «Отан қорғаушы» күнімен барлық ер азаматтарды құттықтаймыз! Деніміз сау болсын, ағайын!

1-жүргізуші: 1 «А» сынып оқушыларының Толағай әнін орындауын қабыл алыңыздар!

«Толағай»

  1. Біз толағай, біз толағай,

Тау көтерген баладай.

Ұмтыламыз жеңіске,

Қиындыққа қарамай.

  1. Алға достар, бастаңдар,

Ақ көңілдер аспандар.

Бас иеді біздерге,

Асу, асу асқарлар,

Қ-сы: Толағай, Толағай, Толағай! (хормен)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал