7


  • Учителю
  • Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспары 'Спорт ойындар. Баскетбол' (9 кл)

Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспары 'Спорт ойындар. Баскетбол' (9 кл)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтық жоспар


Сабақтың тақырыбы: Спорт ойындары. Баскетбол «Допты жер арқылы беру, ұстап алу»


Мақсаты: а) Дамыту; қимыл-қозғалысын әдісін дамыту, допты лақтыру әдісін жетілдіру

ә) Білім беру; тақырып бойынша білімдерін жетілдіру, допты игеру қимылын көрсету

б) Тәрбиелік; берілген тапсырмаларды ұқыпты орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

  1. Өтілетін орны: спорт залы


  1. Өткізілу уақыты: 12.01.2016 ж 10.35-11.20 45 минут


  1. Керекті құралдар: ысқырық, уақыт өлшегіш, баскетбол доптары, секірме жіп, арқан т.б


  1. Сынып: 9 ә


Сабақтың бөлімдері

Сабақтың өтілу барысы

уақыты

Әдістемелік нұсқау


Кіріспе бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу

Оқушыларды журналға белгілеу

Өтілетін тақырыппен таныстыру

Техника қауіпсіздік ережесін еске салу

Спорт жаңалықтарын шолып өту

Саптағы бұрылу жаттығулары

15"

15"

30"

30"

30"

30"

30"

Спорт киімдерінің дұрыстығына назар аудару

Тәртіпке тазалыққа көңіл бөлу

Дайындық бөлім

Жалпы дамыту жаттығулары.

Жүру; Аяқтың ұшымен, өкшесімен, табанның сыртымен, ішімен, жартылай және толық отырып жүру, спорттық жүріспен жүру.

Жүгіру; бір қалыпты жүгіру, екпінмен жүгіру, оң жақ, сол жақ қырымен адымдап жүгіру, артпен алдыға, тізені биік көтеріп, аяқты артқа сілтеп, ирелеңдеп жүгіру.

Бір орында тұрып жасалатын жаттығулар; басты бұру, екі қолды алма кезек сермеу, қолды қайшылау, қолды кеудеге ұстап екі жаққа керілу, саусақтарды ашып жұму, оңға, солға, алдыға иілу, артқа шалқаю, аяқтың басын айналдыру, керіліп-созылу жаттығулары, отырып-тұру , қолға тіреліп денені көтеру, секіру жаттығулары.

Үй тапсырмасын тексеру

Қолға тіреп дене салмағын көтеру (ұлдар)

Секірме жіппен бір орында секіру

(қыздар)


3 мин


2 мин

3 мин

5-6 рет

7-8 рет

20 рет

15 рет


2 мин


Денені дұрыс ұстап жүруге дағдылану

Дұрыс тыныс алып, жүгіруге үйрену


Жаттығуларды дұрыс, әрі әдемі орындауға тырысу


Аяқты, қолды дұрыс қою

Негізгі бөлім

Допты әріптесіне екі қолмен кеудеден беру, қағып алу.

Допты екі қолмен жоғарыдан беру.

Допты екі қолмен еденге ұрып беру.

Допты бір қолмен еденге ұрып беру.

Допты екі қолмен астынан беру.

Допты бір қолмен иықтан асыра беру.

Допты бір қолмен астынан беру.

Допты бір қолмен жоғарыдан беру.

Допты бір қолмен еденге ұрып беру.

Нығыздалған доптармен жаттығу.

Допты әріптесіне ұрып беру, торға түсіру.

Ережесімен екі жақты ойын немесе сабақ тақырыбына сәйкес қозғалмалы эстафеталық ойындар

18 мин


10 мин

Допты бергенде қолды алға қарай созылуын қарау.

Әріптесіне допты дәл беруін қадағалау.

Қағып алу кезіндегі әдістеріне назар аудару


Қолды алдыға созып ұстау

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Тыныс алуды қалыпқа келтіру

Сабақты талқылау, бағалау

Зейінді қалыпқа келтіру

Үйге тапсырма беру

Оқушылармен қоштасу

Залдан шығу

5 мин

Жалпы тәртіпке назар аудару


Мұқият тыңдау












 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал