- Учителю
- Конкурс Сайыс: Жігіт сұлтаны
Конкурс Сайыс: Жігіт сұлтаны
Сайыс : Жігіт сұлтаны
Мақсаты: тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке, батырлық пен батылдыққа баулу.Бойындағы өнерлерін көрсетіп, жеңіске жетуге талпыну.
Көрнекілігі: Әдемі безендірілген шарлар, плакатқа салынған суреттер мен мақал - мәтелдер .
1.Құрметті көрермендер ұландарға арналған және еліміздің ертеңгі Отан қорғаушылары, 5 - 7 сыныптың ұлдарына арналған « Жігіт сұлтаны » атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
2. Уа, халайық , халайық
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық,
Ел дәстірін қолдамақ
Ер намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға.
1.Кім күйші , кім биші
Талабына қарайық,
Кімдер зерек, кім жылдам?
Таланттарын табайық.
2. Уа, жігіттер, жігіттер
Бар өнерді салыңдар
Ер - сұлтан атына лайықты,
Біреуің жеңіп алыңдар.
1.Ей, ұландар!
Сендерге айтар міндет көп.
Көтер биік, ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата - баба үмітін
Әр бір сөзі - тәлімі мол бір мектеп.
-
Сыныбымыздағы жігіттерін ортаға шақырамыз.
Бұл сайыстарға әділ баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтейін_______________________________________________________________________________________________________________
-
САЙЫС: Өздерін таныстыру
-
САЙЫС: Спорттық сайыс
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай, - демекші, енді спорттық жарыстарды тамашалаймыз.
Дене көтеру 1 мин. Ішінде
Білек сынасу
-
САЙЫС: Сұрақ - жауап
Ал келіңдер, келіңдер
Бір - біріне еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Ал таласып көріңдер!
-
САЙЫС: Өнерін көрсету.