- Учителю
- Авторлық бағдарлама Волейбол үйірмесі 8 сынып
Авторлық бағдарлама Волейбол үйірмесі 8 сынып
Бекітемін Келісемін Ә/б отырысында қаралды
Мектеп директоры ДОІЖО Хаттама________
___________Г.Т.Хасенова _________Г.А.Шарипова «___» ____________
Н.Д.Мамырбекова
«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Волейбол»
Үйірме сағатының оқу - тақырыптық жоспары
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Нусупов Қадыр Наурызбаевич
2015-2016 оқу жылы
Түсінік хат
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Бағдарлама 10-17 жас аралығындағы балаларға арналған. Оқыту мерзімі 2 жыл.
Бағдарламаның тиімділігі - уақыт талабымен сәйкес. Жеке тұлғаның қозғалыс кординатасын жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, волейболды үйретудің құрылымы мен мазмұны ойын барысында жылдамдық пен нақты қозғалыты ныңайтуға бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Сабақтан тыс білім беру жүйесінде волейболды үйрету жүйесі оқушылардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып, оның әр түрлі қимылдары мен жылдамдықтары түрлі қарқында дамуына бағытталады
Бағдарламаның ерекшелігі оқушыларды топтастыру арқылы ұжымдық білім беруге бағытталғандығында. Ол бағдарламаға енгізілген негізгі екі бағыт алады. Алдымен әр волейбол ойнаушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеуде, екіншіден әр тәрбиеленушінің өмірге көзқарасы, жағдаяттарды шеше білуі есепке алынады. Баланың жеке қасиеттерін табиғи, физикалық және психологиялық қасиеттерін білуді талап етеді.
Бағдарламаның жаңалығы Оқушы ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялы үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор Зерттеу әдісін қолдануында (волейболдың шығу тарихы туралы рефераттар мен баяндамалар жазуында), мектептің материалдық жағдайын ескере отырып оқу-тақырыптық жоспарын құру.
Бағдарламаның мақсаты : Денсаулығы мықты, ұжымла ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол, нақты қозғалыс кординациясы қалыптасқан, жылдам, өз бетінше шешім қабылдай алатын жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
Білім беру:
· Волейболдың шығу тарихымен таныстыру;
· Ойын ережелерін үйрету;
· Оқушыларға волейбол ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру.
Жетілдіру:
· Тұлғаның жылдамдық қозғалысын, есте сақтауын, орнықтылығын және басқа да жағымды қасиеттерін жетілдіру;
· Төзімділігін, өз өзіне және қарсыласына сынмен қарауын;
· Топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құруды, оны іс жүзінде қолдануды жетілдіру.
Тәрбиелік:
· Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; · Топта ұйымшылдыққа және өзін өзі тәртіпке салуға тәрбиелеу;
· Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.
Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.
Оқушылардың пәндік құзырлылығы:
1. Техникалық, оқушылардың
· Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық волейбол сайыстарына қатысуында;
· Ойын барысында волейбол ережелері мен стратегиялары қалыптасатын іс әрекеттері.
2. Интеллектуалдық, оқушылардың
· Ойынға сараптама жасауымен;
· Арнайы әдебиеттерді оқуымен;
· Үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.
Апталық жүктеме бірінші жылы аптасына 1 сағаттан /34 сағат.
Оқу тобында 10-15 оқушы болады.
Оқыту бағдарламасы
Оқушылардың білім біліктілігіне қойылатын талаптар.
Бірінші жылды аяқтағаннан кейін оқушы білу керек:
· волейбол ойнау ережесін;
· ойнаушының құқы мен міндеттерін;
· волейболдың шығу тарихын:
· ойын тактикасы туралы негізгі түсінік.
Орындай білуі керек:
· алған білімдерін практикада қолдана білу;
· назарларын, ойларын шоғырландырып, уақытты үнемдеу;
· волейболды құштарлықпен ойнау.
Оқужоспары
1
10
Шапшан жүгіріп жаттығу.
1
11
Биікке секіріп жаттығу.
1
12
Ойынның техникасы.
1
13
Ойыншының тұрысы.
1
14
Допты ойынға төменнен тік қосу.
1
15
Допты ойынға төменнен бір жақ жаннан қосу.
1
16
Допты жоғарыдан тура ойынға қосу.
1
17
Допты жоғарыдан бір жақ жаннан ойынға қосу.
1
18
Допты айналып ұшатын етіп ойынға қосу.
1
19
Допты айналдырмай ойынға қосу.
1
20
Допты беру түрлері.
1
21
Допты төменнен көтеріп әріптесіне беру.
1
22
Допты жоғарыдан беру.
1
23
Допты төменнен бір қолмен қабылдап алу.
1
24
Допты құлап бара жатып қабылау.
1
25
Допты екі қолмен жоғарыдан саусақтармен қабылдау.
1
26
Допты жоғарыдан бір қолдың жұдырығымен қабылдау.
1
27
Шабуылдап соғудың түрлері.
1
28
Тура шабуылдап соғу.
1
29
Бір жақ бүйірмен шабуылдап соғу.
1
30
Қол мен аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
1
31
Тосқауыл қоюға арналған жаттығулар.
1
32
Жеке дара тосқауыл қою.
1
33
Екеулеп тосқауыл қою.
1
34
Үшеулеп тосқауыл қою.
1
35
Ережемен волейбол ойнау.
1
36
Ойын тактикасы туралы түсінік.
1
37
Ойында орын ауыстыру ережесі.
1
38
Ойында орын ауыстырып шабуылға шығу.
1
39
3 тен 4ке ауысып шабуылдау.
1
40
3тен 6ға ауысып шабуылдау.
1
41
3тен 2ге ауысып шабуылдау.
1
42
2ден 4ке ауысып шабуылдау.
1
43
5тен 3ке ауысып шабуылшыға доп көтеру.
1
44
1ден 3ке ауысып шабуылшыға доп көтеру.
1
45
2де тұрып шабуылшыға доп көтеру.
1
46
Допты шабуылшыға биік көтеру.
1
47
Допты шабуылшыға қысқа беру.
1
48
Допты тордың үстімен бойлата беру.
1
49
Допты тосқауылдың артына тастау.
1
50
Допты тосқауылға тиіп алаң сыртына кететіндей қиып соғу.
1
51
Ережесімен волейбол ойнау.
1
52
Тосқауылдың артын жабу.
1
53
Қарсыластың шабуылдап соққан добын қабылдап алу.
1
54
Өзіңнен асып бара жатқан допты кері бұрылып,қуып жетіп артқа қайтару.
1
55
Допты екі қолмен төменнен әріптесіне беру.
1
56
Допты екі қолмен төменнен қабылдап алу.
1
57
Допты бір қолмен төменнен қабылдап алу.
1
58
Ережесімен волейбол ойнау.
1
59
Допты екі қолмен жоғарыдан әріптесіне беру.
1
60
Допты екі қолмен жоғарыдан саусақтармен қабылдап алу
1
61
Допты жоғарыдан бір қолдың жұдырығымен қабылдау.
1
62
Допты жоғарыдан артқа беру.
1
63
Допты төменнен артқа қайтару.
1
64
Допты төменнен тік ойынға қосу.
1
65
Допты жоғарыдан тура ойынға қосу.
1
66
Жеке оқытулар.
1
67
Ойынға төрешілік ету.
1
68
Қорытынды сағат.
1
Барлығы
68сағат