7


  • Учителю
  • 'БАЛАЛАРДЫ, ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ҰЛТТЫҚ САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ПАЙДАСЫ' баяндама

'БАЛАЛАРДЫ, ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ҰЛТТЫҚ САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ПАЙДАСЫ' баяндама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Амиркулов Азамат Кушкаркожаевич

Екпінді орталау мектебі КММ

БАЛАЛАРДЫ, ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ҰЛТТЫҚ САЛТ ДӘСТҮРДІҢ

ПАЙДАСЫ

Қоғамның іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру-қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпа адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейіңгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

М. Әуезова: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», [1]- деп тегіннен тегін айтпаса керек.

«Ата-салтың - халықтық қалпың » демекші, өз жұртының қадір- қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарамау- ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс - тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Салт- кәсіпке, сенімге, тіршілік ке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.

Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр-ұрпақтан-ұрпаққа, ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүргеде бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Б. Төтенаев қазақтың ұлттық ойындарын бес түрге бөлген, олар; аңға, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар [2].

Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең- жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф- ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.

Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Сондықтан осы ұлттық ойындарымызды ұлттық нақышын жоғалтпай, бүгінгі күнге лайықтап қайта жандындыру керек сияқты.

Адам өміріне қимыл-қозғалыс және денсаулық маңызды болғандықтан VIII ғасырдағы белгілі орыс зерттеушісі И.Г. Андреевтің сөзін айта кеткім келді, <<������������������������������������������������������

����������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������



����анған әдебиеттер

  1. Ұлттық спорт түрлерінің ережелері. - Астана Signet print,2011. 414б.

  2. Б. Төтенаев. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Қайнар. 1994.-196б.

  3. М. Тәникеев . Мир национального спорта. Алматы. Қайнар.-2001.-260б.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал