- Учителю
- Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ 2 сынып Гимнастика
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ 2 сынып Гимнастика
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Степногорск қаласы, ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған №3 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ Ақмола облысының білім басқармасы
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтың тақырыбы:
Гимнастика. Жаттығу. Доппен нысанаға лақтыру
2 «в» сыныбы
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Данияров Кувандык Мухаметжанулы
Степногорск қ. 2015 ж.
Мерзімі: 08.12.2015 Сынып: 2 В
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Жаттығу. Доппен нысанаға лақтыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға қозғалыс дағдысын меңгерту
-
Түзету-дамытушылық: Ой-өрісін коррекциялау, таным қабілеттерін, ой және назарды, қимыл және координациясын дамыту
-
Тәрбиелік: Оқушыларды дене тәрбиесіне қызықтыру, ұлттық ойындарды білу, үйрену, насихаттау
Сабақтың көрнекілігі: Доптар, тақта, ысқырғыш
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Пәнаралық байланыс: математика, би
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылар сапқа тұрады. Пәрмендерді орындайды. Сапқа тұр! Түзел! Тік тұр! Сәлеметсіздерме оқушылар! Ретпен санал! Сол жаққа созыл, құлаш қолға! Менімен бірге жаттығу жаса!
-
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсаттарын, барысын айту: Гимнастика. Жаттығу. Доппен нысанаға лақтыру
-
Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау: Жаттығу жасату.
-
Жаңа сабақ: Гимнастикалық жаттығуларды жасау. Жеңіл жаттығудан бастайық: қол саусақтарына жаттығу, қолға. Айналу жаттығуларын жасау.
-
Бас
-
Кеуде
-
Бел
-
Аяқ, тізе.
Оңға-солға еңкею. Координацияға жаттығу. Сол қол-құлақ, оң қол-мұрын ұстау. 2. Айырбастау. Комплексті жаттығу: қолды көтереміз, еңкейеміз, отырамыз. Қайшы. Аяқты көтеру жел диірмені жаттығуын жасау.
Сапқа тұр! Оңға бұрыл. Жүріп жаттығу жасау. Жүгіріп жаттығу жасау.
-
Сөздік жұмысы: Күй сандыққа «Қара жорға» ән-күйін қосып, оқушылармен бірге би түрінде жаттығу жасау.
-
Сергіту сәті:
-
Доппен жаттығу жасау. Нысанаға бес рет допты лақтыру. Кім қанша рет тигізгенін тақтаға жазамын.
-
Турникте тартылу.
-
Допты себетке лақтыра тигізу.
-
Кеудені жатып көтеру. Тақтаға көрсеткішті жазамын.
-
Жаңа тақырыпты бекіту (жеке, жазба жұмыстары):
«Асық лақтыру» ойынын көрсету. Ойын тәсілдерін көрсету. Оқушылар ойынды ойнайды. Бір-бірден асықты атады. Көрсеткіштерін тақтаға жазамын.
-
Қорытындылау: Сабақта бүгін біз қандай жаттығулар жасадық? Қандай жаттығудың түрлерін білесіңдер?Сіздерге бүгінгі ойындарымыз ұнады ма? Енді үйде өздіктеріңізден ойнай алатын шығарсыздар?
-
Үйге тапсырма беру: Таңғы жаттығу жасау.
-
Бағалау: Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойып беремін.
-
Сабақты бекіту: Сапқа тұр! Сабақ жақсы өтті. Сау болыңыздар. Спортзалдан сыныпқа адымда!