7


  • Учителю
  • Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)

Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





«Мортық орта мектебі» КММ

























Сабақтың тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар.













Еслямова У.Б

Химия пәні мұғалімі















2015-2016 оқу жылы









Күні:

Сынып: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар

Мақсаты:

1. Оқушыларды минералды тыңайтқыштардың түрі, құрамы, өсімдіктердің өсіп-дамуына тигізетін әсерімен таныстыру.

2. Оқушылардың салыстыру, негізгісін бөліп алу біліктерін дамыту.

3. Экономикалық, экологиялық тәлім-тәрбие беру.

Әдісі: жаңа сабақты меңгеру

Көрнекіліктер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

7- жаттығу.

HNO3 + P = H3PO4 + NO + H2O





8- жаттығу

Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 = 3CaSO4 + 2H3PO4

31 г х г

310 г 196 г х = 19,6 г ·0,8 = 15,68 г



ІІІ. Жаңа сабақ

Сонымен, біз VА тобында орналасқан азот және фосфор элементтерімен, олардың маңызды қосылыстарымен таныстық. Олардың тірі ағзалар үшін маңызы зор. Азот ақуыз, көмірсулардың құрамына кіреді, ал фосфор адам қаңқасында 600 г, бұлшық еттерінде - 56 г, ми мен жүйкелерінде 5 г болады. Ағзада фосфор мен азот жетіспесе ағза сүйектері сынғыш болады.

Азот пен фосфордың тірі табиғаттағы да маңызы өте зор. Агрохимияның негізін қалаушылардың бірі неміс химигі, академик Юстус фон Либих 1840ж. өсімдіктерді минералды қорғау теориясын ұсынды. Ол көптеген анализдер негізінде әр өсімдікке қалыпты тіршілік ету үшін С, Н, О, Р, К, Са, т.б. элементтер қажет екенін дәлелдеді. Олардың кейбіреулерін өсімдіктер көп мөлшерде қажет етеді, енді кейбіреулерін аз тұтынады. Өсімдіктердің элементтерді тұтыну мөлшеріне байланысты олар макро- және микроэлементтер болып бөлінеді. Ал, Р,К, және азот өте көп мөлшерде қажет, сондықтан олар кенеулі элементтер деп аталады. Өндірісте құрамында осы элементтер бар тыңайтқыштар өндіріледі.

Азот тыңайтқыштар

СО(NH2)2 - карбамид

NH3*H2O - аммиак суы

Ca(NO3)2 - әк суы

Ca(CN)2 - кальций цианиді



Фосфор тыңайтқыштары

Ca3(PO4)2 - фосфорит ұны

Ca(H2PO4)2 - жай суперфосфат

Ca(H2PO4)2 *H2O -қос суперфосфат





CaHPO4*2H2O - преципитат

NH4H2PO4 - амморфос

(NH4)2HPO4 - диамморфос

Тыңайтқыштар

Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)

шМинералды тыңайтқыштар (9 сынып)Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)ығу тегіне кенеулі элементке агрегаттық күйіне

Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)Минералды тыңайтқыштар (9 сынып)

орг-қ минер. азотты фосфорлы калийлі қатты сұйық



балалар, білесіңдер, ауаның құрамында 78 % азот бар, бірақ сонда да өсімдіктерге азот жетіспей, аз өнім беріп жатады. Бұл неге байланысты? Өсімдіктер азотты ауадан сіңіре алмайды екен, олар оны тек нитрат, аммоний иондары түрінде ғана сіңіре алады екен. Оларға азотты ионға айналдыруға асбұршақтылардың түйнектерінде болатын түйнекті бактериялар көмектеседі екен. Олар ауадағы азотты сіңіріп, ионға айналдырып, оны өсімдіктерге береді, өсімдіктерден органикалық заттар алады да, өсімдіктермен селбесіп симбиозды тіршілік етеді.



Тыңайтқыштарды арнаулы қоймаларда сақтау керек және мөлшерден тыс пайдаланбау керек, өткені олар қоршаған ортаны ластауы мүмкін. Жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер, нитраттарды бойына көп мөлшерде жинайды. Нитраттарды бойына көп мөлшерде жинауға бейім өсімдіктерді көлеңкелі жерлерде өсіруге болмайды. Ондай өсімдіктерге сәбіз, орамжапырақ, пияз, қарбыз, қауын, қызанақ, т.б. жатады. Егер адамның салмағының әрбір килограмына тәулігіне 5 мг нитрат сәйкес келсе, бұл адам ағзасына қауіпті мөлшер деп есептеледі. Ал нитраттары көп жемістер адамдарды әртүрлі ауруларға ұшыратады. Тыңайтқыштармен жұмыс жасағанда да сақтық шараларын ұмытпау керек.



IV. Бекіту: 1. Сәйкесін тап.

NH4Cl амморфос

CO(NH2)2 фосфорит ұны

Ca3(PO4)2 жай суперфосфат

Ca(H2PO4)2 карбамид

NH4H2PO4 аммоний хлориді

2. Минералды тыңайтқыштардың пайда -зияны

V. Бағалау.

VI. Үйге: § 22 (6-7)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал