7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы «Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту»

Сабақтың тақырыбы «Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: «Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту»

Сабақтың мақсаты:

Сауықтыру: оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту;

Білімдік: дене тәрбиесі білімін меңгеру және оның негізін құрайтын қимыл - қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру;

Тәрбиелік: баланың күш қуатын, қимыл үйлесімін, төзімділігін тәрбиелеу;

Көрнекі құрал: Арқан, керме.



Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлімі: 8 минут.

1. Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3. Даярлық жаттығуларды жасату:

- бұлшық етті жетілдіруге арналған барлық жаттығулар.

- иық буындарын қозғалысқа түсіретін қол қимылдары;

- ұсақ тастар мен үйеңкі жаңғақтарын (оң және сол қолмен) қашықтыққа лақтыру не нысанаға көздеу;



II. Негізгі бөлімі: 30 минут.

Арқанмен өрмелегенде қолмен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Әдетте аяқтың күші аз пайдаланылады.

Арқанмен өрмелеудің негізгі екі тәсілі қолданылады. Біріншісі - арқанды орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу, екіншісі - арқанды екі тіземен қысып тұрып, қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу.

Негізгі жаттығуды орындамас бұрын мынандай дайындық жаттығулары орындалады:

1. арқанға асылып тұрып тербелу;

2. арқанға асылып тұрып аяқты алдына соза жоғары көтеру;

3. асылып тұрған қалыпта аяқтың ұшын (алдына соза жоғары көтеру) қолға тигізу.

Өрмелеу осы жаттығуларды орындап болғаннан кейін басталады.



Кермеде орындалатын жаттығулар:

1. Екі қолмен асылып тұрып тербелу.

2. Екі аяқтың қылтасымен асылу.

3. Бір аяқты іліп алу арқылы кермеге шығу және екі қолға таянып тұру.

4. Кермеге таянып тұрып, алдына аударылып түсу.

5. Шалқадан жатып, кермеден ұстап тартылу.

6. Күшпен тартылу.



III. Қорытынды бөлімі: 5 минут.

1. Бағалау.

2. Үйге тапсырма: жалпы жаттығуларды орындау.

3. Денеге түскен салмақтың күшін жоюға арналған жаттығуларды жасату.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал