7


  • Учителю
  • Баскетбол, Допты оң, сол қолмен жүргізу

Баскетбол, Допты оң, сол қолмен жүргізу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





























ЭССЕ





















</ Орындаған:Жумагалиев Р

Тобы: АУ-401с

Қабылдаған: Татиев Е.Е.





































СЕМЕЙ 2015

1. Социология (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының - Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты - борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.

Ежелгі Үндістанда әлеуметгік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялык. мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизмнік этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мси тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) дегсн «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтсрі ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселссіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын.

Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдарынын ортақ келісімінің нәтижесінде пайда болды деген пікірге қарсы болады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бөлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонның пікірінше, табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді. Халық соны мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе - Жер-Ана деп көрсетеді.,

Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грециянын саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - әлеуметтік жаратылыс деген Қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен «бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық қасиетінен пайда болады деп көрсетеді. Оның пікірінше, коғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бөлінеді: құл иеленуіпілер және кұлдар. Бұл да Платонның идеясын колдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәріне ортақ мақсат - өздері құрған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады.

2. Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.

Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі - қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі - әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзіндс ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызметететініне Конт кәміл сенді.

ХІХ ғасырдың ағылшын ғалым-философы Г.Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г. Спенсер, Дарвиинің эвюлюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эиолюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат коғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал