7


  • Учителю
  • Открытый урок по физ. Культуре на тему «Баскетбол ойыны шебері!»

Открытый урок по физ. Культуре на тему «Баскетбол ойыны шебері!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Баскетбол ойыны шебері!»


Білімділік: Баскетбол ойынын шебер ойнау, доппен тиімді әрекет

ету әдістерін үйрену.

Дамытушылық: Оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын

спорттық ойындар арқылы жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, адамгершілікке,

жасөспірім бойында спортқа деген сүйіспеншілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа мағлұматты игеру

Әдісі: саяхат сабағы

Сыныбы: 5

Қажетті құрал- жабдықтар:


1. Сапқа тұру

Сәлемдесу

2. Қатардағы жаттығуларды оң-ға, сол-ға, арт-қа

3. Әртүрлі қалыпта жүру

4. Жүгіру

5. Жүру

6. Тыныс алуды қалыпқа келтіру

7. Төрт қатарға бөлу

8. Жалпы дамыту жаттығуларын жасау

9. Бастапқы қалыпқа келтіру

Мұғалім сөзі : Бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады.

Баскетболдың негізін 19 ғ. кейбір мемлекеттерде кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861-1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3м 5 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай). Студенттердің басты мақсаты себетке доп кіргізу болатын. Осылайша баскетбол пайда болған.


Қазақстанда 1935 жылдан бері ресми жарыс түрінде өткізіліп жүрген спорт түрі?

2010 жылы футболдан әлем чемпионы атанған ел.

Лондон олимпиадасында чемпион атанған қазақ боксшысы?

Ұлттық ойын.

1992 жылы жазғы олимпиада қай елде өтті?

Бірге бір немесе екіге екі ойналатын спорттың түрі?

Атырау облысының хоккей командасы?

2014 жылы қысқы олимпиада қай қалада өтті?

Екі дүркін олимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшы?


Менен сұрақ, сізден жауап

Олимпиадалық ойын түрі (баскетбол)

Баскетбол қай тілден алынған, қандай мағынаны білдіреді? (ағылшын тілінен аударғанда "basket"- себет, "ball"- доп)

Баскетбол ойынының техникалары

Баскетболдың отаны (АҚШ)

Ресейдегі атақты баскетболшы тренер (Гомельский)

Баскетбол добын және ойын ережелерін ойлап тапқан адам (Джеймс Нейсмит)

Баскетбол ойынының алғашқы чемпионаты атанған ел (Италия)


Баскетбол ойынының ережелері

Доп торға ойын кезінде түссе -2 ұпай, ал айып добын лақтырғанда түссе - 1 ұпай беріледі.

Допты ойынға төреші лақтырып қосады.

Допты қолға ұстап екі адымнан артық жүруге болмайды; екі адым аттағаннан кейін допты не командалас ойыншыға, не торға лақтыру керек.

Допты ұстап тұрып бір орында айналуға болады, бірақ аяқты жерден көтеруге болмайды.

Баскетбол ойынының тәсілдері

Ұшып келе жатқан допты екі қолымен қағып алу;

Жүгіріп, жүріп келе жатып допты басқа ойыншыға кеуде тұсынан қос қолдап беру және өз орнын бірден ауыстыра қою;

Қалқанның алдында, оң және сол жағында тұрып, допты торға кеуде тұсынан қос қолдап лақтыру;

Қарсыластың торына доп түсіру және әр команда өз торын қорғай білуі қажет.

Оқушылар баскетбол ойыны туралы жан-жақты толық мағлұмат алды;

Оқушылардың пәнге қызушылығы арта түсті;

Шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, алдына мақсат қоя білуге дағдыланды;

Жеңіске жете білуге ұмтылып, жолдастық қарым- қатынас қалыптасты;

Ойлау, есте сақтау қабілеттері дами түсті;

Қимыл- қозғалыс қабілеттері дамып, белсенді болу, өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал