- Учителю
- Эстафеталық ойындар 3-4 класс
Эстафеталық ойындар 3-4 класс
Пәні: Дене шынықтыру Сыныбы: 3-4
Сабақтың тақырыбы: «Эстафеталық ойындар »
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын
арттыру, эстафеталық ойын түрлерімен таныстыра
</ отырып ,оны ойнау әдістерін үйрету.
2. Оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын ,төзімділігін
қимыл -күш қабілеттерін дамыту.
3. Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға,
татулыққа ,ұйымшылдыққа ,бірін -бірі сыйлай
білуге тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт зал.
Көрнекілігі: Доптар , шар, жалауша , кедергілер, секіргіш жіп , ысқырық,
эстафета таяқшасы ,эстафеталық ойындар жазылған плакат.
-Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі «Эстафеталық ойындар» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер! Бұл ойын эстафеталық жарыс түрінде өтетін болғандықтан жарысқа екі топ (3сынып оқушылары ) қатынасады.Сонымен жарысқа қатысқалы отырған екі топты :
3а-сыныбынан құралған «Жас ұлан »тобын , 3ә сынып құралған
«Жас қыран» тобын қошеметтеп ортаға шақырайық .
Жарысқа қатынасушы топ мүшелері «Қаражорға» биімен дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
Ал ,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!, дей отырып сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық .
Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
«Қазақстанның Республикасының Гимні» орындалады.
Сайыстың бағдарламасы :
I.Таныстыру./Топтың аты , ұраны/
II. «Эстафета таяқшасын алып жүгіру». Қолында эстафеталық
таяқша бар алғашқы ойыншы кедергілер арасымен жүгіріп өтіп ,
белгіленген жерге жеткен соң таяқшаны келесі ойыншыға
береді,осылай ойын жалғаса береді..
III. «Кім жылдам?» Допты кедергілер арасымен алып белгіленген
жерге ұрып барып , қайтарында жерге ұрып алып қайтып ,әріптесіне
беру.
IV.«Секіртпемен жүгіру» Секіртпемен секіріп жүріп , кейін қайтады да
келесі ойыншыға береді.
V. «Кім мерген?» Допты көтеріп алып жүріп ,қабырғадағы шарды
жарып қайтып допты келесі ойыншыға беру.
Сергіту сәті: «Шеңбердегі тілек»
Оқушылардың шығармашылығына кезек берейік.
(1а сынып оқушысы Айболұлы Аслан )
Қорытынды:
Сөз әділқазыларға беріледі. Командалар сап түзеп қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп ,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.