7


  • Учителю
  • : Шабуыл мен қорғаныстағы топтық тактикалық әрекеттер. Ашық сабақ

: Шабуыл мен қорғаныстағы топтық тактикалық әрекеттер. Ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп






Ашық сабақ




Баскетбол ойыны


Сабақтың тақырыбы: Шабуыл мен қорғаныстағы топтық тактикалық әрекеттер.


10 а сынып





Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Б.Бердібай

Қазалы қаласы 2015 жыл




Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы топтық тактикалық әрекеттер

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға волейбол ойынының әдістерін үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларға жеке және командалық жауапкершілікке, ойын тәртібіне, жолдастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың зейінділік,жылдамдылық,секіргіш, күштілік және ойлану қабілеттерін жетілдіру.

Өтілетін орын: спорт зал, Уақыты: ____________

Сабақ түрі: жаттығу, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Математика, А.Ә.Д.

Қажетті құралдар: доптар, уақыт өлшегіш.

Сабақ мазмұны Нұсқаулар мен ескертулер

Сыныпты сапқа тұрғызу

Сыныпты түгендеу

Жаңа сабақ барысымен таныстыру

Ойға шақыру

Назар аудару жаттығулары

Жүру

1.Тура жүру

2.Аяқтың ұшымен жүру

3.Өкшемен жүру

4.Жартылай отырып жүру

5.Толық отырып жүру

Жүгіру.

Бір қалыпты жүгіру

Оң жақпен жүгіру

Сол жақпен жүгіру

Артпен жүгіру

Тынықтыру жаттығулары.

Қолды жоғары көтеріп төмен түсіру

Жүріп келе жатқанда және орнында жасалынатын жаттығулар

1.қолдарға вертикальдық сілкілеу жаттығулары

2.Қолдарға горизантальді сілкілеу жаттығулары.

3.Иықтарға айналу қозғалыс жаттығуларын жасау.

4.Отырып тұру жаттығулары

5.Мойын буындарына жаттығу.

Бастапқы орынға келу

Негізгі бөлім: Қорғаныстағы топтық тактикалық әрекеттер .

Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып жаңа сабақты игеру.

Қорғаныстың негізгі мақсаты,қарсылас ойыншылардың допты себетке лақтыруына мүмкіндік бермеу.Ол мақсатта допты алып қою қарсылас ойыншыларының бірін-бірімен қатынасуын шектеу,допты себетке лақтыру әрекетіне кедергі жасау.Қорғаныстағы ойыншылардың жоғары белсенділігімен келісім әрекетінің арқасында допты алып қойып шабуылға шығу мүмкіндігі болады. Қорғаныстағы командалық әрекеттің үш түрі болады.

1.Жеке қорғану

2.Зоналық қорғану

3.Аралас қорғану

Жеке қорғану.

Тактикалық сызу тақтасында көрсету және алаңда орындату.

Зоналық қорғану.

Зоналық қорғанудың ерекшелігі ол командалық әрекетте допқа қарай қозғалысты бірдей бес ойыншы бастайды.

Қорғаушы ойыншылар арасында ашық жер қалмау керек.Әрбір қорғаушы өз зонасында қарсылас ойыншыға қарсы әрекет жасай отыра басқа зоналарға өз ойыншысына көмек беру үшін ауысуына мүмкіндігі бар.Сондықтан қорғаныстың бірінші шегіне жылдам қозғалатын ойыншыларды қояды.Олардың пас берген кездегі допты қағып алып шабуылға шығу мүмкіндіктері бар.

Аралас қорғану.

Бұл қорғанудың түрі бір мезгілде екі қорғаныс әдістерін пайдалануға мүмкіндік етеді жеке және зоналық қорғанысты. Бір,екі ойыншы қарсылас команданың шебер ойыншыларына қарсы әрекет жасап жатқанда басқалары зоналарында қорғаныс әрекеттеріне дайын болып тұрады.

Допсыз келе жатқан ойыншыға қарсы әрекеттер

Тактикалық сызу тақтасында көрсету және алаңда орындау.

Доппен келе жатқан ойыншыға қарсы әрекеттер.

Тактикалық сызу тақтасында көрсету және алаңда орындату.

Өткен тақырыппен байланыстыру

Допты торға тастау

Қортынды бөлім:

Сыныпты қатарға тұрғызу

Жаңа сабақты пысықтау

Оқушыларға жетістіктері мен кемшіліктерін айту

Бағалау

Үйге тапсырма

Тактикалық сызу тақтасында көрсету


Допсыз келе жатқан ойыншыға қарсы әрекеттер қорғануда үлкен белсенділікті қажет етеді.Қорғаушының негізгі мақсаты шабуылшының қозғалыс әрекеттерін бақылап тұру және оның қауіпті жерге орналасуына кедергі жасау, допты қабылдауға мүмкіндігін шектеу,допты алып қоюға әрекет жасау.Ол үшін қорғаушы,шабуылшымен себеттің аралығында жанында сәл артында болуы қажет немесе доппен басқа шабуылшының жанында сәл алдында болуы қажет.Қорғаушы бір мезгілде шабуылшымен доптың қай жерде тұрғанын көріп тұру қажет.

Доппен келе жатқан ойыншыға қорғаушы негізгі көңілді пас беру әрекеттеріне себетке қарай қозғалыс жасауына және допты дәл себетке лақтыруына кедергі жасауы қажет,қорғаушы шабуылшымен себетпен екеуінің арасында орналасады.Себетке допты лақтыру мүмкіндігіне барынша кедергі жасауы қажет,ол үшін қорғаушы дұрыс орынға орналасу және тұрысын таңдау керек.

Сыныпты екі топқа бөліп допты торға тастау элементін орындату

Мұғалім

Жақсы нашар өте нашар

сабақтан бос уақыттарында баскетбол ойынының қозғалыс әрекеттерін, техникаларын және элементтерін жетілдіру жылдамдылық дәлдік күштілік қабілеттерін арттыру



Пән мұғалімі Б.Бердібай



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал