7


  • Учителю
  • Сабақ 'Тоғызқұмалақ ойыны' 2 сынып

Сабақ 'Тоғызқұмалақ ойыны' 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ Бекітемін:


Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының тарихы.

Сыныбы: 5

Өтетін күні:

Өтетін орны: сынып бөлмесі.

Уақыты: 45 минут

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Тоғызқұмалақ тақтасы.

Сабақтың тәрбиелiлiгi: Ұлттық ойынымызды дамыту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынының ұғымын тусіндіру, үйрету. Оқушылардың ойлау, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жыттығу сабағы.


Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

I. Кіріспе бөлімі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.



10 минут


Ережелерін сақтау.

2

II. Негізгі бөлім:

1. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы.

Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі - тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз.

Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды. Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Президенті - Әлихан Байменов. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері - Айнұр Жақыпбаева.

Көшпенді халықты, әсіресе малшылардың математикасы - қай халықтың болмасын күнделікті мұқтаждығына керекті бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны үстінде қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын малшы математикасы деп тегін аталмаған. Себебі, далада кездесе кеткен екі малшы қазан мен отаудың жерін шұқып жіберіп, қалталарында жүрген 81 қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз тоғыздан бөліп сала қояды да, дереу ойынға кірісіп кетеді. Міне бүгінгі ұрпаққа жеткен ауыз әдебиетіндегі аңыз осылай дейді.

Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде, қалай қалыптасқаны жөнінде нақтылы тарихы Қазақстан жерінде жартастардың, болмаса төбенің үстіндегі тегіс тас бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ ойынының тақталары біздің осы ойымызды дәлелдей түседі. Мысалы, Қаратау қаласына таяу, Ақшұқыр деген тас төбенің үстінде, тегіс тасқа тоғыз - құмалақтың отаулары мен қазандары қашалып салынған. Малшы үшін бұл Ақшұқыр тас жотасы малды қарауылдауда табылмайтын орын. Демек, айналадағы малды бақылап отырып тоғызқұмалақ ойнаған. Сондай -ақ, Тарбағатай тауының Сайқан жоталарының бірінде, Қоржынбай жайлауының етегінде жартасқа салынған тоғызқұмалақ тақтасы тағы бар.

Тоғызқұмалақ ойынының аса бір өзіндік ерекшелігі күрделі құрал - жабдықтарды қажет етпейді. Ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерді қазып, ойын тақтасын дайындаған. Барлық құмалақ салатын шұнқырды қазан, тоғыз - тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп атаған. Ертеректе тоғызқұмалақ ойнайтын адамдар қойдың 162 құмалағын дорбаға салып қанжығасына байлап алып жүрген.

Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының аты болған. Сол жақтағы шеткі, яғыни бірінші отау - «тандық», екінші - «көшпелі», үшінші - «атөтпес», төртінші - «атсұратар», бесінші -«бел», алтыншы -«белбасар», жетінші -« қандықақпан», сегізінші -«көкмойын», тоғызыншы -«мандай». Әр отауды бұлай деп атаудың өзіндік тарихы маңызы бар. Себебі, ойынның ойналу процесі толығынан осы атау аттарына негізделген. Ойын тақтасы кейін келе ағаштан жонылып, әрбір отаудың мандайына «а» әрпінен бастап тоғыз отау солдан оңға қарай - а, б, в, г, д, е, ж, з, и дыбыстарымен белгіленген. Демек, тоғызқұмалақ ойынының жалпы ережесін осылайша бүгінгі күн талабына сай реттеу - көпшілік арасында кеңінен тараған. Бүгінгі күнде тоғызқұмалақ ойынының республикалық федерациясы құрылды. Республика біріншілігінің және республика аралық жеңімпаздарына «Қазақстан спорт шебері» деген атақ беріледі. Тоғызқұмалақтан республиканың жекелей біріншілігімен қоса командалық жарыс та өткізіледі.




30 минут












Дұрыс тыңдап отыруларын

қадағалау.

3

III. Қорытынды бөлім

1. Сабақты қорытындылау.

3. Үйге тапсырма беру.


5 минут

Жаттығуды орындау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал