- Учителю
- Сабақ 'Футбол ойыны' 4 сынып
Сабақ 'Футбол ойыны' 4 сынып
№ Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Футбол спорттық ойындарының элементтері.
Сыныбы: 4
Өтетін күні:
Өтетін орны: спорт алаңы
Уақыты: 45 минут
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Футбол доптары, секундамер, жалаушалар, ысқырық.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға футбол ойынының элементтері және ойнау ідістері туралы толық мағұламат беру, үйрету. Оқушылардың икемділіктерін, қимыл-қозғалыстарын дамыту. Оқушыларды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Үйретушілік.
Әдісі: практикалық.
№
Сабақтың мазмұны
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
1
-
I. Кіріспе бөлімі
-
Сапқа тұру. Рапорт қабылдау.
-
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап:
3. Дене қыздыру жаттығулары:
- Арнайы жүріс:аяқтың ұшымен,өкше- мен,аяқтың сыртқы жынымен,жартылай отырып,толық отырып.
-
Арнайы жүгіру: тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа бүгіп,аяқты алға сермеп, оң, сол жақ бүйірмен,бір аяқтан,бір аяққа секіріп,артқа қарап жүгіру.
- Аяқты жиі басып жүгіру:
-
Жүріп келе жатып секіру:
-
Жүріп келе жатып оңды,солды секіру:
-
Аяқты қайшылап оң жақпен,сол жақ- пен жүгіру:
-
Жәй бастап жылдамдатып жүгіру:
10 минут
Спорт.киіміне назар аудару.
Сұрақтарға дұрыс жауап берулерін қадағалау.
Оқышының сыртқы пішініне, жаттығуларды дәл орындауына назар бөлу.
2
-
Негізгі бөлім
-
Футбол спорттық ойындарының элементтері.
-
Допты алып жүру және әріптесіне беру.
-
Көрсету,түсіндіру.
А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,өз тізбегінің ең соңына барып тұрады:
Б) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,жылдам қарсы тізбектің соңына барып тұрады:
В) Бір -біріне қарама-қарсы екі тізбек,ортасында бір ойыншы, сол ойыншы өзіне келген допты аяқтың ішіменен,оған доп берген ойыншымен ширетпенен доп алмастырады:
Г) Тізбектегі ойыншылар алма - кезек лопты жіргізу,жалаушаларды айналып өту,басқа ойыншыларға допты беру жаттығуларын орындап,тізбектің соңына барып тұрады.
30 минут
Жаттығуды тізбеке тұрып, қарама - қарсы
15-20 м тұрып орындау.
Допқа аяқты екі рет тигізіп беруге тиісті.
Ойыншылар уақытында орын алмастытуға тиісті.
Бір тізбектен екінші тізбекке орын алмастыру өте шапшаң- дықпен өтуге тиісті.
Допты жүргізу кезінде басын жоғары ұстап жүгіру.
3
-
Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызу .
2. Сабақты қорытындылау, бағалау.
3. Үйге тапсырма.
5 мин
Жаттығуды қайталау.