- Учителю
 - Шаңғы дайындығы тақырыбының жоспары 9 сынып
 
Шаңғы дайындығы тақырыбының жоспары 9 сынып
Сабақтың мақсаты Шаңғы дайындығы :
1. Білімділік : Итерілу,сырғанау,сырғанайтын және адымдайтын жүрістер техникасы элементерін
сақтап алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалуды үйрету. 4000 м қашықтықты жүріп өту
2. Денсаулық сақтау : Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту.
Спорт құралдары: шаңғы, шаңғы таяқтары, жалаушалар.
 
Өткізілетін күні : ________________ Сынып : 9 сынып
Өткізілетін орны: спорт алаңы Уақыты: 45 мин
 
№
Жаттығулар
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
1
Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыру.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
 
Саптағы жаттығулар :
Оңға, солға, айналып бұрылу.
Секіріп бұрылу.
Жалпы дамыту жаттығуларын таяқпен жасау
Шаңғыларын кию.
Саптағы жаттығулар шаңғымен.
-  
аяқ ұшын айналып бұрылу
 -  
аяқ өкшесін айналып бұрылу
 -  
сілтей 180 градусқа бұрылу
 
 
Оқу-жаттығу алаңына шаңғымен шығу,
Таяқсыз сырғанау.
 
15 мин
1 мин
30 сек
 
30 сек
 
 
 
3 мин
1 мин
2 мин
 
 
 
 
 
8 мин
 
Спорт.киіміне назар аудару.
Бір адамдай істеу.
 
Арқаны түзу ұстау.
Шаңғыны дұрыс киюді қадағалау.
Шаңғы таяқшалрын дұрыс ұстау
Шаңғы қозғалыс ережелерін сақтап, сырғанау.
 
2
Негізгі бөлім
Итерілу, сырғанау, сырғанайтын және адымдайтын жүрістер техникасы элементерін сақтап алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалуды үйрету.
1.Шаңғы техникасын түсіндіру, көрсету.
Имитациялық жаттығулар
- жартылай бүгілген аяқпен, қысқа адыммен жүру
- орында сілтеу, жартылай бүгілген бір аяқпен, екінші аяқпен және қолдарымен келісімді сілтеу қозғалыстарын орындау.
- табанымен соңғы итерілу орындау
- толық адым жасап, қол қозғалысымен жүру
2. алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалуды үйрету.
-  
итерілу
 -  
сырғанау
 -  
сырғанайтын және адымдайтын жүрістер
 
Осы жүрістер техникасы элементтерін сақтап алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалу.
 
27 мин
 
 
 
3 мин
 
 
3 мин
 
3 мин
 
 
3 мин
3 мин
 
 
2 мин
2 мин
2 мин
 
6 мин
Жаттығу шаңғы таяқшасыз орындалады
 
Жаттығу шаңғы таяқшасыз орындалады
 
Толық итерілу
Көбірек сырғанау
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
 
3
Қорытынды бөлімі
1. Сапқа тұрғызу
2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.
3. Шаңғыларын шешіп, қардан тазалап
тапсыру.
4. Ұйымдастырып қайтару
3 мин
 
Үйге тапсырма беру.