- Учителю
- 'Тоғыз қаңбақ' ойыны (5-8 сыныптар)
'Тоғыз қаңбақ' ойыны (5-8 сыныптар)
«Тоғыз қаңбақ» ойыны
Өтетін орыны: Спорт зал ,спорт алаңы
Ойынға қатысатын сыныптар саны: 5-8 сынып, 4-12 оқушы.Үлкен теннис добы немесе футбол,волейбол добы , ысқырық, көлемі бірдей диаметрі 10-15 см, қалыңдығы 1-3 см-дей ағашты немесе тас және т.б материалдарды пайдалануға болады.
Ойынға дайындық: Оқушыларды екі топқа бөліп, жеребе бойынша қай топ ойынды бастайтынын анықтап аламыз.Ортаға №1 кестедегідей сызба сызамыз. Ортаға №2 кестедегідей 9 шеңбер қаңбақты қоямыз. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы 10 адымдай қашықтықта тұруы тиіс
Кесте № 1
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2 топ
1
2
3
4
5
6
7
8
9Кесте № 2
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1топОйын сипаттамасы(шарты): Ойынды бастайтын 1-топ допты қолына алып дәлдікпен 9 қаңбаққа тигізуі тиіс, егер ойынды бастаған адам тигізе алмаса сол топтағы келесі ойыншы допты лақтырады, ойын осылай жалғаса береді (тек бір реттен лақтыруы керек).
Ойын ережесі: Егер доп қаңбаққа тисе 1-топ ойыншылары қаша жөнеледі, ал екінші топ болса доппен бірінші топ ойыншыларын соғуы тиіс. 9 қаңбақты белгіленген ұяшықтарға 1-топ ойыншылары қойып шығуы тиіс(3кесте), егер бірінші топ ұяшықтарға қойып үлгерсе жеңіске жетеді де ойын қайта басталады, ал 2- топ 1-топ ойыншыларының барлығын соғып үлгерсе жеңіске жетіп ойынды жаңадан бастайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Педагогикалық мәні: шапшаңдыққа, төзімділікке баулу.
№3 кесте
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Дайындаған:Реушенова Гулмира- Бейнеу ауданы,Бейнеу ауылы,Үстірт орта мектебі