7


'Дені сау ұрпақ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері:бидай ұны—ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім).Құрғақ сүттіпайдаланғанд
предварительный просмотр материала

Құрашасай орта мектебі







ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған

спорттық шара


Тақырыбы:

«Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы»










Өткізген: Мажкенов Н.Ж












2011ж


Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы

Мақсаты: Денсаулықты күту, оның адам өмірі үшін маңызын оқушыларға түсіндіру.

Ел үшін маңызы бар спорттық ойындар туралы түсінік беру.

Оқушылардың денсаулығын арттыру, спорттық ойындарға белсенділігін дамыту.

Түрі: жарыс сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жеке, көрнекілік

Көрнекілігі: Денсаулыққа байланысты нақыл сөздер, спортшылар сурет,

Жүру-барысы:

І. Ей, болашақ ұланым!

Болашағы қазағымның,

Сендерсің деп білемін

Балғынды жас болашақ

Мен сендерге сенемін!

Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей "адам елдің басты байлығы", осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс-әрекеттерінің әсері мол. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтанда әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек!

Ұстаздар! Оқушылар!

"Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы" атты шарамызға қош келдіңіздер!

І.Жарыс. «Желкемен тартыс»

Ережесі: Екі топтан бір-бір ойыншыдан шығып, төсеніш үстінде тізерлеп отырып, желкеге қарама-қарсы бағытта жіп байлап, орта сызығынан өткізу керек. Көп өткізген топ жеңімпаз.

ІІ.«Мыршым-мыршым»

Ережесі: Әр командадан екі баладан алынады. Бір топ дөңгеленіп отырған балалардың ортасына бір ойыншыдан шығып, қай ойыншыда аузында конфет бар екенін анықтау керек. Ойыншы ортаға кіргенде дөңгеленіп отырған ойыншылар «мыршым-мыршым» сөзін айту керек. Тапқан ойыншы жеңімпаз.

ІІІ. «Бура мен бота»

Ережесі: Бір топ ойыншылары бір-бірінің белінен ұстап, қаз-қатар тізіліп тұрады. Алдындағы - бура, ал ең соңғы ойыншы-бота. Қарама-қарсы топтағы бір ойыншы қасқыр болады. Қасқыр ботаны ұстау керек. 30 сек беріледі.

ІҮ. Топтармен жұмыс

Топтарға кезектесіп сұрақтар қойылады. Қол көтеріп, шуламай жауап береміз.

1.Ванкувер қаласында өткен олимпиадада сынға түскен қазақстандық шаңғышы қыз? ( СВЕТЛАНА МАЛАХОВА-ШИШКИНА)

2.Қызылордалық ауыратлет. Пекинде өткен олимпиадада жалғыз алтын медаль сыйлаған спортшы? (ИЛЬЯ ИЛЬИН)

3.Сидней-2000ж. Олимпиада чемпионы. Жеңіл атлеткашы қыз.

(ОЛЬГА ШИШИГИНА)

4.Афины олимпиадасында Қазақстан қоржынына бокстан алтын сыйлаған спортшымыз. (БАҚТИЯР АРТАЕВ)

5.Ванкуверде өткен олимпиаданың күміс жүлдегері, биатлоншы?

(ЕЛЕНА Хрусталева)

6.Қазақстандық фристайл-акробатшы қыз? (Жібек АРАПБАЕВА)

7.Ерлер арасында конькиден жекелей бақ сынап жүрген спортшымыз?

(АБЗАЛ РАҚЫМҒАЛИЕВ)

8.Сидней олимпиадасының жарық жұлдызы, 20 жасында жасындай жарқ еткен боксшы, олимпиада чемпионы? (БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ)

9.Астаналық танымал хоккей клубы қалай аталады? (БАРЫС)

10. Афины олимпиадасында Қазақстан көк байрағын алып жүрген дзюдошы кім? (АСХАТ ЖИТКЕЕВ)

Ү.Жалпы сұрақ

-БОКС туралы не білесіңдер?

Бокс бұл арнайы қолғап киіп айқасатын екі адамның жекпе-жегі. Бокстық жекпе-жек әрқайсысы 3 минутқа созылатын 3 сайыстан тұрады. Бокс чемпиондары ЕРМАХАН, БЕКЗАТ, МҰХТАРХАН

-КҮРЕС туралы не білесіңдер?

Күрес спорттың байырғы түрі. Күрестің классикалық күрес (қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе ұпай санымен жеңу, еркін күрес, дзюдо, самбо.

ҮІ.Жарыс. «Аударыспақ».

Бұл ойында ер балалар қатысады. Екі ойыншыдан шығып, арқасына мінгесіп, бір-бірін қолдан тарту арқылы құлату керек.

ҮІІ. «Қолмен күш сынасу»

Әр топтан кезекпен бір-бір ойыншыдан шығып, қолмен күш сынасады.

ҮІІІ. «Арқан тартыс»

Бұл жарыста ортаға сызығ белгіленеді. Арқан қойылып, сол сызықтың тұсынан қызыл жіп байланады. Сызықтың екі жағына екі команда тұрып, тартысады. Сызықтан асып кеткен ойыншылар жеңіліс табады.

ХІ. «Асық ату»

Бұл ұлттық ойынға ер балалар қатысады. Шеңбер сызылады. Команданың ойыншыларына байланысты асық қойылады. Шеңберден екі адым жердегі сызықтан ойыншылар атады. Шеңберден асықты шығаруына байланысты ұпай қосылады.

Қорытынды.

"Денсаулық-зор байлық", "Басты байлық-денсаулық"дейміз. Олай болса жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдан! Спортты сүй! Өз тағдырың мен денсаулығыңа немқұрайлықпен қарама! Жалпы спорт ойындарында өз спортшыларымызға қолдау білдір!

Абылай ханның сөзімен айтқанда: " Білекке сенген заманда, жауға есе бермедік, білімдіге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік."

Отан үшін отқа түсетін, ел мерейін өсірер саналы да, дені сау азамат болыңдар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал