7


Дене тәрбиесі Көңілді старт

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Қарашоқат орта мектебінің

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Омаров Жаңбырбай Қазиұлы

Тақырыбы: «Көңілді старт»

Сайыстың басты мақсаты:

  1. Оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру;

  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

  3. Оқушыларды жылдамдыққы, шапшандыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту;

Сабақтың түрі: командалық жарыс.

Құрал жабдығы: доп, кедергілер, секірткіш, ысқырық, эстафета таяқшасы. Жарысымыздың қорытындысын шығарып, аділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру. Ортағы командалар шығады. Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Көңілді старт» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Көңілді старт» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

  1. Мектеп директоының тәрбие жөніндегі орынбасары: Қасым Венера

  2. Дене тәрбиесі нұсқаушысы : Жандарбеков Темірбай

  3. БӘД пәнінің мұғалімі: Жәмеков Кенжес

Жарыстың шарттары:

  1. Таныстыру./топ атын, ұранын таныстыру/

  2. «Эстафета таяқшасын алып жүгіру»

  3. «Секіртпемен жүгіру»

  4. «Кім тез»

  5. «Кім жылдам»

  6. «Жұптасқан ұстаушылар»

  7. «Қызықты есептер»

  8. «Арқанға өрмелеу»

  9. «Арқан тарту»





«Эстафета таяқшасын алып жүгіру» Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Екінші ойыншыға береді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

«Секіртпемен жүгіру» Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

«Кім тез» төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді.

«Кім жылдам» Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.

«Жұптасқан ұстаушылар» Торешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады.

«Қызықты есептер» Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты екі аяқ арасына қысып барып есеп шығару және сол қалыппен қайту.

«Арқанға өрмелеу» Торешінің белгісі арқылы әр команданың топ басшысы уақыт есептеп арқанға өрмелеу. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

«Арқан тарту» Команда мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге карсылас команда мүшелерін тартып келеді. Командылар бір-біріиен түгел арқанмен тартысады.

Қортындылау: Қортынды соз аділқазыларға беріледі. Командалар сап түзеп қатарға тұрады. Ұпай санын есептепи, жеңіске жеткен командаларды марапаттайды.





Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.





















Дене тәрбиесі Көңілді старт

Дене тәрбиесі Көңілді старт

Дене тәрбиесі Көңілді старт











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал