7


  • Учителю
  • Сабак жоспары 7 сыныпка 'Шыныққан шымырлар' спорттық ойын

Сабак жоспары 7 сыныпка 'Шыныққан шымырлар' спорттық ойын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шыныққан шымырлар спорттық ойын


Өтілетін жарыстың мақсаты:
1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т. б.
Сайыстың барысы: Мектепті спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану - осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш - қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір - ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Оқушылар жетекшілерімен қосылып,
отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер - күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын сыныптарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға сынып жетекшілерімен оқушылардан құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
№1 топ: «------------------»
№2 топ «----------------»
№3 топ «-----------------»
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Жүргізуші: «Көңілді мәре» атты спорттық ойынымыз 7 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, ұстаздар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 7 турдан тұрады.
Олар:
1. Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)
2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)

3. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу)
4. Калькулятор ойыны (эстафета берілген, жүгіріп барып берілген есепті шығару
5. Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)
6. Кім шапшаң картоп отырғызады (кішкентай шеңбер ішіне картошканы салып, қайтадан жинап алу)
7. Арқан тартыс
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті спорт сүйер қауым!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Баршаңыз аман болыздар!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал