7


  • Учителю
  • 'Жетекшім және мен' спорттық сайысы

'Жетекшім және мен' спорттық сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру.Ойыншылардың денсаулығын нығайту, қимыл қозғалысын мәдениетін

қалыптастыру.

Түрі: Топтық жарыс

Өтетін орны: Спорт залы

Өткізілген уақыты:

Керекті құралдар: доптар, кедергілер, сөз жұмбақтар, сұрақтар, орамал, орындықтар, түрлі-түсті шариктер, стакандар т.б.

Қуаныш кеудемізді керней берсей берсін,

Құлашын болашаққа сермей берсін.

Тек алға, жаса,жаса Қазақстан

Тұғыры Тәуелсіздік өрлей берсін.

Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар және жарысқа қатысушы топтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай өткізілгелі отырған, 7 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер аралығында «Мен және жетекшім» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер!

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған, салауатты өмір салтын ұстану осы іс-шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелермен мектептер де жағдай жасап, денсаулықты нығайтуға ат салысу керек.


Жарыс заңы ежелден, Жеңілгендер ренжіме

Жеңімпазды анықтау. Тараса бізге жарады.

Жеңімпаз болу шарты сол Сабырлы да салмақты,

Еңбектену жалықпау. Білімді де өнерлі,

Біреу озса жарыста, Білекті де жүректі

Біреуі артта қалады Топтарды шақырып

Оларға жеңіс тілейік, - дей отырып ортаға топтарымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

І топ - 7 «А» сыныбы

ІІ топ - 7 «Ә» сыныбы

ІІІ топ - 7 «Б» сыныбы

ІҮ топ - 7 «В» сыныбы


Ойынды бастамас бұрын әділ баға беріп, жарыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.


Олай болса жарыстың шарттарымен таныс болайық.

  1. Таныстыру

  2. Мергендер

  3. Соқыр теке

  4. Тенис

  5. Түрлі-түсті шариктер

  6. Сөз жұмбақ

  7. Нысана

  8. Пирамида құру


«Таныстыру»

Әр топ жеке-жеке өздерінің топ аттарымен, ұрандарымен, төсбелгісімен таныстыру.


«Мергендер»

Кедергілер арқылы баскетбол добын жерге соғып, белгілі жерге дейін барып, себетке допты лақтыру.


«Соқыр теке»

Ойыншыдың көздері байланып, белгілі жерге қойылған допты тауып алып, орындыққа барып отыру керек. Қай топ допты бірінші тауып, орындыққа бірінші отырса - 5 ұпай,екінші отырса - 4 ұпай, үшінші отырса - 3 ұпай, төртінші отырса - 2 ұпай.


«Тенис»

Кедергілер арқылы ракеткамен тенис шаригін секіртіп алып жүру.


«Түрлі-түсті шариктер»

Жерде жаткан түрлі-түсті шариктерді өз түстеріне байланысты 1 минут ішінде теріп үлгеруі керек. Терген шариктеріне байланысты ұпай саны қойылады.


«Сөз жұмбақ»

Әрбір топ «Салауатты өмір салтына» байланысты сөз жұмбақтар шешу.


«Нысана»

Әрбір топтың алдына үш шардан іліп, оны бір-бірден ойыншыларға дротик арқылы жарғызу.


«Байтерек құрастыру»

Әр топтан топ басшысын шығарып, стакандардан байтерек тұрғызу.


Қорытындылау.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула , желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің.

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

- дей отырып, жарысымызды осымен аяқтап, сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

( Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау)


Жарыс кезіндегі суреттер













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал