7


'Толағай' (сценарий)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10.02.2015 ж

Қостанай облысы,

Арқалық қаласы,

жалпы білім беретін № 4 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі -

Байназаров Ердастан Бахытович.


«Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты:


1.Оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екенін, маңызын түсіндіру.

2.Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спротпен айналысуы қажет екендігіне көз жеткізе отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Салауаттану адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар:

Толағай жазуы, плакат, шарлар, спорт энвентарьлары.


Өту барысы:


-Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! Мектебімізде қазіргі таңда жүріп жатқан «Үштік одақ: Ата-ана-бала-мектеп ынтымақтастығы» атты айлықтың аясында өткелі отырған «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! «Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің мектебімізде 1 сынып ата-аналары мен балалары арасында өткелі тұр.

Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Біз бұл отбасыларға сәт сапар тілейміз!


-Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.


  1. 1 «ә» сынып: Қойбағаровтар отбасы

  2. 1 «а» сынып: Байдешовтар отбасы

  3. 1 «г» сынып: Есімовтер отбасы.


-Сайыс алдында сайысымызға төрелігін жасап, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алған жөн болар. Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!


  1. Бадаева Меңсұлу Сейдеғалиевна - мектеп директорының ғылыми істер

жөніндегі орынбасары.

2. Тілеубаева Айнаш Аяпбергеновна - мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары.

  1. Мұханбетжанова Тұрсынай Сәбитбековна - мектебіміздің музыка

пәні мұғалімі.


-Ал, енді сөз кезегін ойыншыларымызға ұсынсақ, өздері жайлы қысқаша мағлұмат беріп, таныстырып кетсе. Сайыс алдындағы көңіл-күйлеріңіз? Сайыс алдындағы, жалпы жарыс кезіндегі ұстанымдарыңызды, шабыт берер ұранды сөздеріңізді айтып және өзге отбасыларға сәттілік тілеп кетсеңіздер де болады.

-Бүгінгі спорттық сайысымыз 5 турдан тұрады.


1. «Спорттық ойындар»

2. «Кедергілер алаңы»

3. «Теннисшілер»

4. «Кенгуру»

5. «Кішкентай бастаушы»


-Турларымыздың ережесін сайыс барысында ретімен түсіндіріп, хабарлап отыратын боламыз, мұқият болыңыздар. Себебі сайыс барысында қателіктер, жаттығуды толық, дұрыс орындалмау назарға алынады. Сайысымызда көмекшілеріміз бар. Осы кісілермен таныстырып кетсек:

Жансая, Қырмызы, Гүлдана.

Бұл кісілер сіздердің уақыт жылдамдықтарыңызды алып, сіздердің ережені дұрыс түсінулеріңізді қамтамасыз етіп, көмектесіп отырады.

Негізгі кезең. Сайыстар:

-Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па?

Қуып жету жақсы ғой,

Озып шығу бір басқа.

Сәт сапар, сайысымызды бастаймыз!


1. «Спорттық ойындар». Баласы волейбол добын алақанмен итеріп барып келу, анасы мен әкесі баскетбол добын серпіп келу.

Кедергілер арасымен өту керек тапсырма орындау барысында.


2. «Кедергілер алаңы». Етпеттен жатып итеріліп барып обручтан өтіп жаттығу жасап, қайтып келе жатқанда жүгіріп обручтарды үстінен өткізу. (Бала 5 рет отырып тұру, анасы бес рет секіртпемен секіру, әкесі бес рет кеудені жердан көтеру керек)

3. «Теннисшілер». Баласы теннис ракеткасы мен шаригін қолына ұстап жүгіріп барып келу, анасы шарикті ракетканың үстіне қойып түсірмей барып келу, әкесі шарикті серпіп барып келу керек;


4. «Кенгуру» . Әкесі шарды үріп анасына береді, анасы аузын түйіп баласына береді, баласы аяқ арасына қысып, секіріп барып келеді, сосын анасы мен әкесі де өз кезегімен барып келеді.


5. «Кішкентай бастаушы». Әкесі мен анасының көзі байлаулы болады, баласы әуелі анасын қолынан ұстап жетектеп кедергі арасынан өтіп барып келу керек, келген соң әкесі баласын мойнына отырғызып алады. Баласы айту арқылы жол бағыттап отырады, қолдың көмегімен де бұрып отыруға болады.


Қорытындылау кезеңі:


-Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

Осымен спортық сайыстарымыз аяқталды, әділ қазылар қортындысын шығарып берсе.

Әділ қазылар қорытынды шығарып болғанша сіздерден сайыстан алған әсерлеріңізді білсек, және қандай жаттығулар сіздерге ұнады, қаншалықты қиын болды?


-Әділ-қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!

Сайыс қорытындысы: І орын: Байдешовтар отбасы (36 ұпай), ІІ орын: Қойбағаровтар отбасы (30 ұпай), ІІІ орын: Есімовтер отбасы (27 ұпай).


Мараппаттау рәсімі.


Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген


Бүгін сайысымызға алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!


Жалпы білім беретін №4 орта мектебі



«Үштік одақ: Ата-ана-бала-мектеп ынтымақтастығы» атты айлықтың аясында

« Т О Л А Ғ А Й »

отбасылар сайысы


№4

о/м

Өткізуші: Байназаров Е.Б



2014-2015 оқу жылы

Арқалық қаласы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал