- Учителю
 - Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың!
 
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың!
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың!
 Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
 Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
 Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
 Түрі: Эстафеталық ойын
 
 Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
 Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош келдіңіздер!
 
 Көңілді жарысқа 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
 Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
 Бүгінгі сайыста 4 топ қатысады.
 
 Ұстанған салауатты өмір салтын,
 Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
 Болашақ спортшылар келді ортаға
 Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
 
 - Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
 
 - Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
 І. Кезең. «Секіртпемен секіру.» Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.
 ІІ кезең: «Аққала»
 Шарты:
 1. Үлкен резеңке доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
 2. Допты жерге ұрып жүгіру.
 3. Футбол добын теуіп бару.
 4. Допқа шелек кигізу.
 
 ІІІ кезең: «Туннель»
 Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
 ІV кезең: «Дартс» Шарты: дротиктерді лақтырып, тиген жердегі сан есептелініп, сол бойынша қай топтың ұпайы көп, сол топ сол шарттың жеңімпазы болады.
 V кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
 Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәт сапар!
 1 - Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
 2 - Топтың ұраны: Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін.
 3 - Топтың ұраны:
 Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
 Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
 4 - топтың ұраны: Парасатты, айбынды,
 Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
 Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.
 
 Көрсетті міне өз өнерін балалар,
 Сайыстың да соңы келіп таянар.
 Жеңімпазды анықтайық қанекей,
 Әділқазы сайысты әділ бағалар,
 - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
 
 Спорт - көркі өмірдің,
 Спорт - досың, серігің.
 Жаттықсаң шымыр боларсың,
 Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!