- Учителю
- Эстафеталық ойындар «Спорт - біздің досымыз»
Эстафеталық ойындар «Спорт - біздің досымыз»
Эстафеталық ойындар «Спорт - біздің досымыз»
Мақсаты: Оқушыларды спортпен шұғылдануға тарту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке тәрбиелеу, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Қайырлы күн құрметті Әріптестер мен жарысқа қатысушылар! эстафеталық ойындарымызды бастаймыз!
Жарысты бастамас бұрын әділ-қазы алқасын сайлап алайық.
Жарыстың шарттары:
-
Таныстыру ( әр топ топтың аты, ұраны, )
-
Мәреге жүгіріп барып қайту.
Белгі бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып, жалауға барып айналып қайтады. 2-ші ойыншы және кейінгілері осы ойынды жалғастырады.
-
Допты игеріп алып жүру. Мұны топ мүшелерінің барлығы орындайды.
-
Допты аяқтың арасына қысып алып, жүгіру.
-
Қайталап жүгіру. ( шелночный бег)
-
Спорттық жүріс (спортивная ходьба)
-
Допты басынан асырып беру.
Шарты: ойыншылар бір-бірінің артына сапта тұрады. Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші үшіншіге осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып доптыодан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады. Қай команда бұрын аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.
-
Допты аяқтың астынан беру.
Шарты: Ойын шарты жаңағыдай, бірақ ойыншы допты аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады. Қай команда бұрын аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.
-
Допты аяқпен алып жүру ( мини- футбол)
10 Обручпен жүгіру
11 Секіртпемен секіріп жүгіру.
-
Арқан тартыс.
Шарты: 7-8 метрлік арқанды алып, екі басын мықтап байлап, 2 топ екі жаына тұрады да, сызылған сызықты ортаға келтіріп тұрып, басқарушының белгі беруімен тартысты бастап, сонымен қай жағы тартып, ызықтан өткізс сол жақ жеңімпаз болады.
Қорытындылау:
-
Командаларды сапқа тұрғызу.
-
Әділ-қазы алқасына сөз беріп, жеңімпаздарды анықтау.
-
Командаларды мақтау қағаздарымен марапаттау.