7


Доклад на тему: Электр өрісі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Электр өрісі.

Бізді қоршаған айналамызда жан - жануарлардың, малдың жайлау өрісі, тұрғын үй,мектеп ауласы, алаң сияқты электрленген дененің әсері байқалатын кеңістік бар екенін білеміз. Мұндай кеңістік электр өрісі деп аталады. Ол - электрленген дененің қасиеті - материяның бір түрі. Электр өрісінің оған енгізілген электр зарядына әсер ететін күші - электр күші деп аталады, яғни электр заряды орналасқан кеңістікте электр өрісі болады.

«Электр өрісі» ұғымын алғаш атақты ағылшын физигі Джеймс Максвелл енгізген. Д. Максвелл Англияның Эдинбург қаласында 1831 жылы туған. Гимназияда 5-6 сыныптан бастап зеректігімен көзге түскен. Айрықша қабілеті ескеріліп, гимназияны бітірмей университетке қабылданады. Д. Максвелл 19 жасында физика мен математикадан жаңалықтар ашты.

Дененің электрленуі нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген өнеркәсіп салаларында синтетикалық материалдарды қолданғанда және кейбір ауруларды емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады. Мысалы: а) целлюлоза - қағаз,мақта-мата комбинаттарында қағаз, лента және иірілген жіп оралғанда үйкелістен электрленіп, электр өрісінің нәтижесінде басқа денелерге тартылып үзілетіні және электр зарядының разрядталуы әсерінен өрт шығу жағдайлары көп болады.

ә) Авиацияда , ұшақ ауамен үйкелісуі нәтижесінде электрленеді. Ол қонғанда оған бірден металл трап қоймайды. Ұшақты алдымен металл трос арқылы жермен қосып, разрядтайды.

б) Тұрғын үйдің линолеум еденімен, синтетикалық кілеммен жүргенде, нейлон көйлекті шешкенде электрлік разрядталу құбылысы байқалады. Синтетикалық заттар электр зарядын өткізбей сақтайтындықтан, үйді ( 60-70%) ылғал етіп ұстау керек.

в) Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп, электр өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларынан жазады. Электроаэрозоль әдісімен ішкі ағзаларды емдеу, электрлеу арқылы адамды ұйықтатуға болады. Кейбір балықтар мен жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы: Сом (лақа), скат, угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.

г) Денелердің электрленуі мен электр өрісі сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен сыздықтап ағуынан, дененің деформациялануынан (созылу мен сығылу) заттың бөлшектенуінен, бір-бірінен ажыратылуынан, ұсақ бөлшектердің (құмшекер,құм,ұн,дәрі ұнтағы т.б.) төгілуінен де пайда болады.

ғ) Электр өрісі құбылысы - заттарды жалтыратып лактауда, бидайды тазалап сорттауда , түтінді тазартуда, матаның бетіне түк салуда және түбіт тұрғызуда қолданылады.

Сондықтан шлангпен бензинді цистернаға немесе автомашина бағына құйғанда өрт шығып кетуінен сақ болуы керек.

Қорыта айтқанда, біз ұдайы электр зарядтары мен электр өрісі ішінде өмір сүреді екенбіз. Мұны өзіміз байқамаймыз, ал енді бұл құбылыс туралы білетін болғандықтан, күнделікті өмірде тиісті шаралар қолдануымыз керек!


Мұғалім:......................................Кулметов А.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал