- Учителю
- Практикалық жұмыс. Ом заңына есептер шығару.
Практикалық жұмыс. Ом заңына есептер шығару.
8а класс
Ақтөбе қаласы №40 орта мектеп.
Бурибасова Г.А физика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Ом заңына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың Ом заңы бойынша алған теориялық білімдерін есеп
шығаруда қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру.
Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге
дағдыландыру.
Жауапкершілікке, тиянақталыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаттығулар сабағы
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивтік тақта, видеопроектор,
электрондық оқулық, карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (Перфокартамен жұмыс) Топқа бөлу
Физикалық
шама
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Шартты белгісі
Тізбекке жалғануы
Өлшеу
құралы
Есеп
Ток күші
Электр шамының қыл сымы арқылы 5 минутта мөлшері 200кл электр заряды өтеді деп алып, шамның тоқ күшін анықтаңдар.
Физикалық
шама
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Шартты белгісі
Тізбекке жалғануы
Өлшеу
құралы
Есеп
Кернеу
Егер 10кл заряд орын ауыстырғанда 2200Дж жұмыс жасалса, онда реостаттың кернеуі неге тең?
Физикалық
шама
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Шартты белгісі
Тізбекке жалғануы
Өлшеу
құралы
Есеп
Кедергі
150В кернеуге есептеліп жасалған вольтметр арқылы өтетін тоқтың күші 0,01А ден аспауға тиіс болса, ол вольтметрдің кедергісі қандай болады?
ІІІ. Есептер шығару.
№532
Электр үтігі кернеу 220В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементініңкедергісі 50 Ом болған жағдайда, ондағы тоқ күші неге тең?
№537
Кернеуі 220 В желіге жалғанған жұмыс кезіндегі кедергісі 55 Ом электрқыздырғыштың спираліндегі тоқ күшін есептеңдер.
№539
Қорытпадан жасалған сымның қимасы 0,5мм2 , ұзындығы 4 м, ал оның ұштарындағы кернеу 9,6В . Егер сымдағы тоқ күші 2А болса, қорытпаның меншікті кедергісі неге тең?
№540
Электр шамының кедергісін анықтау үшін 56-суреттегі сызба құрылған. Тізбек тұйықталғанда амперметрдің көрсетуі 0,5А болды. Тізбек тұйықталған жағдайда жыне тізбек ажыратылған жағдайда вольтметрдің көрсетуі қандай болады? Шамның кедергісі неге тең?
№547
Кедергісі 12кОм вольтметр 220В кернеуді көрсетіп тұр. Одан өтетін тоқ күші неге тең?
№549
Кернеуі 12В, ұзындығы 200м, қимасы 0,5мм2 мыс сымнан өтетін тоқ күшін есептеңдер.
№550
Ұзындықтары мен қималары бірдей болат және нихром сымдарының ұштарына бірдей кернеу берілген. Қандай өткізгіштегі тоқ күші көп және қанша есе?
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: қайталау.