7


  • Учителю
  • Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану

Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі №25 жалпы орта білім беру мектебі


Баяндама


Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану


Орындаған: Асқар Толғанай Аманкелдіқызы

Физика пәнінің мұғалімі


2015ж


Физиканы оқытуда белсенді оқыту әдістемесі

Оқушыларға «Заманауи әлемде» елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз - өмір тұл. Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаттығымыздың алдаспаны. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет. Неміс философы Г.Зиммельдің айтуынша, «білімді адам - ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деп өз дәрісінде атап өткен болатын. Сондықтанда, оқу - тәрбие үрдісінде белсенді әдістерді қолдану жеке тұлға белсенділігін арттыруда, өзін - өзі дамытуда ролі зор. Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

"Оқытудағы белсенді әдістер" термині 1960 жылдардың соңында пайда болды. "Жаңа дегеннің өзі-жақсы ұмытылған ескі" дегендей-ақ, белсенді оқыту әдістерін тіпті ерте грек оқымыстылары (Сократ б.э.д. 399-469) басқарылатын диалог ретінде қолданған екен. Онда тыңдаушылар пікірталасқа тартылып, тек қана проблеманы шешіп қоймай, оған кажетті білімді игеруге тырысқан екен. Ал, қазіргі күндегі белсенді оқыту әдістерінің негізінде топтық пікірталас орын алады.Белсенді оқыту әдістерінің философиялық негізі болып біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет табылады, ол өз кезегінде оқыту мүмкін болатын жоғары тиімділігіне қол жеткізу шарты Бұл дегеніміз, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекеті оқыту әдістерінің философиялық критериі ретінде болады деген сөз немесе басқаша айтқанда, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін болғанда белсенді оқыту әдістері жайлы айтуға болады. Бұл әдістердің ең қарапайым түрі: имитациялық жаттығулар. Олар шартты-белгілілік формалар арқылы беріледі. Ұйымдастырушы - техникалық күрделілігіне қарай белсенді оқыту әдістерінің келесі түрі - нақты жағдайларды талдау. Бұның көп тараған түрлерінің бірі - топтық пікірталас болып табылады. Топтық пікірталастың модификациясы болып "ми шабуылы" табылады. "Топтық пікірталас" термині батыс европалық философиялық әдебиеттерде, ал "ми шабуылы" термині - ағылшын-американ философиялық әдебиеттеріңде қалыптасып, бекіді.Бүкіл осы жоғарыда айтылғандар (топтық пікірталас, ситуациялық-рөлдік ойындар т.б.) кешені қолданылған жағдайда нақты практикалық, кәсіби қарым-қатынас дағдыларына үйретуге арналған оқыту әдістері әлеуметтік-философиялық тренингтер деп аталады.Және тағы іскерлік ойындары бар. Іскерлік ойындары дегеніміз - шындықтағы практикалық және теориялық міндеттерді шешудегі біртұтас логикалы жүйеге біріккен оқытудың түрліше формалары мен әдістерінің тұтас, оқытып-білім беруші кешені.

Белсенді оқыту әдістерінің басты принципі -оқушының «мен істей алмаймын», «мен білмеймін» деген ұстанымдарына тосқауыл қою. Еркін кеңістік принципін ұстану ұсынылады: сабақ қатысушылары еркін қозғалуына, шеңбер бойынша орналасуына, кіші топтарда бірігіп жұмыс істеуіне болады, мәселені шешу, тапсырманы орындау үшін жекелене алады және т.б. Іскерлік оқыту - бұл принцип, концепция, әдістер мен жолдарды тек түсіну ғана емес, алған білімін есте сақтау қабілеті және тәжірибеде қолдану мүмкіндігі. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі: жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг; білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты. Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсы даярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды. Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады.

Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.

Екіншіден, студенттердің аяқ астынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге аудару сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды. Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік.

«Жұптасқан дәріс» әдісі - бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық, және диологтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Жұптасқан дәріс» әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты қарастырайық бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу; дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т.б.); оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу. Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу.Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.

Әдістің «артықшылығы»: студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады; студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.

Әдістің «кемшілігі»: алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді

«Пікірталас» әдісі - оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.

«Дөңгелек үстел» әдісі. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толық сипатталады.

«Шағын топтар» әдісі - оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі. Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады, оқушылардың шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі. Бұл әдісті семинар сабақтарында қолданған орынды. «Шағын топтар» әдісін қолданып өткізген сабақ үзіндісін келтіріп көрейік:

1) Студенттер 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді (студенттер тілегі бойынша немесе олардың дайындық деңгейі, «күшті-әлсіз» студент позициясынан оқытушы өзі топтарға бөлуіне болады).

2) Әр топтың басшысы тағайындалады.

3) Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады: «Баяндамашылар» тобы, «Оппонент-сыншы» тобы, «Қорғаушы» тобы. «Баяндамашылар» тобы аудитория алдында негізгі ережелер, қағидалар мен концепцияларды нақтылы мысалдармен, көрнекіліктерімен баяндап береді. «Оппонент-сыншы» тобы «Баяндамашы» тобына сұрақтар қояды, баяндамаларын, оның мазмұнын, дәлелдемелерін сынға алады. «Қорғаушы» тобы жаңа фактілер келтіріп, ойларды толықтырады, мысалдар келтіреді.

4) Жұмыстың тиімді болуына «Баяндамашы» тобының өз баяндамаларымен аудиторияны алдын-ала таныстырулары да ықпал етеді. Топтың әрбір мүшесі кем дегенде бір тапсырманы орындаулары керек: иллюстрация дайындау, мысалдарды таңдап алу, баяндама жасау, қосымша әдебиетті іріктеу және т.б.

Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті - танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:

1. Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.

2. Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.

3. Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

4. Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

5.Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

6. Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады. Әлеуметтік -психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді. Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды. Осы тұста Абай атамыздың: Іздеген жетер мұратқа, Өзіңе сен,өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың екі жақтан,- деген сөздерін мысалға келтіруге болады.


Сабақтың тақырыбы: Жарық құбылыстар тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Жарық құбылыстар тарауы бойынша алған білімдерін тексеру. Жарық таралу ерекшеліктері мен оны іске асыру әдістері туралы түсініктерін молайту.

дамытушылық: Білім,білік дағдыларын қалыптастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын ашық айта білуге үйрету.

тәрбиелік: Адамгершілікке, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Патроиоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: « Белсенді оқу әдістемесін қолдану»

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, информатика

Әдіс-тәсілдер: СТО, АКТ, диалогтік оқыту.


Сабақтың

кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Нәтиже

І

ІІ


ІІІ


IV


V


VI



Ұйымдастыру

Білу

«Ой қозғау»

Түсіну


Қолдану


Талдау


Жинақтау

Бағалау



Сабақтың мақсатымен,міндеттерімен

таныстыру

Сұрақ-жауаптар.


Фотоаппарат,көз,микроскоптың суретін тақтаға шығарып,жарық құралдары туралы түсіндіріңіз.


Тест жұмысы


Өзіңді тексер.

Сөз жұмбақ шешу

Мадақтау,бағалау.

«Кемпір қосақ»тың суреті, «Күн мен Айдың тұтылуы», «Бұлттың жарығы» суреттерін қиып,тарату арқылы топқа бөлінді.


Жарықтың сынуы,жарықтың шағылуы,жарықтың бір ортада түзу сызықта таралуы бойынша өздерінің ойларын түсіндіру.


Суретке қарап жарықты түсіндіреді


Өзін-өзі бағалайды

Кері байланыс жазу

Ынты-

мақтастық

атмосфераны

құрады.


Диалогтік сөйлеуге дағдыланады.


Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.


Ойланады,пікір алмасады.

Теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра алуды ұғынады.

Өзін-өзі реттейді




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал