- Учителю
- ҚАйнау. Меншікті булану жылуы.
ҚАйнау. Меншікті булану жылуы.
Сыныбы: | 8 Физика | |
Сабақтың тақырыбы: | Қайнау. Меншікті булану жылуы. | |
Мақсаты : | Қайнау. Меншікті булану жылуы тақырыбының мазмұнын түсінеді; Тәжірбие арқылы қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланысты тұрақты болатынын біледі; Меншікті булану жылуына есептер шығара алады; | |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |
Күтілетін нәтижелер: |
| |
Керекті жабдықтар: | Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, салайд, тәжірбиелік құралдар. | |
Сабақ барысы: | ||
Сабақ кезеңдері: | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 7 минут
| 1. Тұлғааралық байланысты орнату. 2. Сыныппен амандасу. Тренинг «Шаттық шеңбер» Бүгінгі ауа райы қандай? Топ басшыларын сайлау. Топты ұйымдастыруын қадағалау. | -мұғаліммен сәлемдесу; - кезекшілік қызметін атқару; - сабаққа зер салу.
|
Тұсаукесер | Үй тапсырмасын тексеру. Салыстыр Ашық күн: қанықпаған бу, кебу процесі, температура жоғары, булану, 0С термометр Бұлтты күн:қанықпаған бу төмен температура, шық нүктесі, психрометрмен салыстырмалы ылғалдылық |
|
Негізгі бөлім | Бағалау критерийі Қайнау. Меншікті булану жылуы тақырыбының мазмұнын түсіну; Тәжірбие арқылы қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланысты тұрақты болатынын білу; Меншікті булану жылуына есептер шығара алу;
Қызығушылығын ояту. «Өз іс-әрекетімді болжаймын» Су қайнату алгаритмін құрайық. -Не байқадыңыздар? -Қайнағанын қайдан білдік? Мағынаны тану. І.«Сиқырлы құрал» -Балалар, алдарыңда тұрған заттармен мұқият танысайық. Құрал -жабдықтар: Құты, термометр, су, штатив. Жұмыстың мақсаты: Қалыпты атмосфералық қысымда әр түрлі заттардың қайнау температурасын анықтау. Осы тәжірбие арқылы график тұрғызайық. -Құтыға су құйып оған жылу берейік. 1. Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді? 2. Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болды? 3. Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады? 4. Көпіршіктерге әсер ететін қандай күш 5. Неліктен су «шуылдайды»? 6. Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы қандай? ІІ. «Өз ойыңды жалғастыр» әрі топқа конверт үйлестіріледі. Берілген тапсырманы оқып, түсіндіріп, топтарға сұрақ-дайындайды. 1топ Егер сыртқы қысым ол қалыпты атмосфералық қысым, яғни 105Па болса, онда кестеден су 1000С-та қайнайтындығын байқаймыз. Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болатын биік таулардың шыңында су төменгі температурада қайнайды. Мысалы, биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С -та қайнайды. Керісінше, судың температурасын1000С-тан жоғары көтеру қажет болған жағдайда, оның үстіңгі бетіне аса жоғары қысым түсіреді. 2 топ Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қанттың кристалдануы төменгі қысымдағы қазандарда жүргізіледі. Соның нәтижесінде қант ерітіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градус температурада бұрқылдап қайнайды. Мұндай жағдайда, қанттың күйіп кету қаупі тумайды және артық су тезірек бөлініп шығады. 3 топ Автоклав деп аталатын ерекше құрылғыда судың қайнау температурасы 2000С-қа дейін жетеді. Автоклавтар химия және тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, олардың көкөністерді консервілейтін завоттарда, медициналық құралдарды заласыздандыру, қағаз жасау фабрикасында ағаш өңдеу үшін пайдаланылады. Жоғарғы қысымда қайнатуды синтетикалық мұнай, глицерин, май қышқылдарын және т,б,алуда қолданылады. Тұрмыста қақпағы ерекше клапанмен жабдықталға, тез пісіргіш кастрөлдер қолданылады. Бұл кастрөлдерде тамақ 2000 гПа қысымда және 1200Стемпературада пісіреді. ІІІ. Электрондық оқулықты қолдану Меншікті булану жылуы (r) деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады. Q=r*m Дж/кг Меншікті булану жылуы конденсацияның меншікті булану жылуына тең. Ой-толғаныс Сатылай кешенді талдау 1.Анықтама 2. Формула 3.Өлшем бірлігі: 4. Салыстыру: қайнау температурасын Су 1000, спирт780, сынап 3570 Меншікті булану жылуы: су 2,3*106, спирт 0,9*106 5. Есеп 11-жаттығу (3) 6. Формуласы 7. Шешуі. 9. Жауабы:
|
|
Қорытынды | Өз пікірін айту. |
|
Бағалау | Житон арқыл бағалау |
|
Бөкей Ордасы ауданы,
Ұялы ауылы,
Ш.Жексенбаев атындағы ОЖББ-мектепбалабақшасы
Физика және информатика пәнінің мұғалімі: Ш.М.Байғуатова