7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары:8Сынып.Физика.Булану және конденсация

Сабақ жоспары:8Сынып.Физика.Булану және конденсация

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы

Булану және конденсация

Сілтеме

Видеокөріністен,сәйкестендіру тестілері, слайдтан тапсырма көздері.

Жалпы мақсаттар

Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, булану және конденсация механизмі түсінігін қалыптастыру, «бу түзілісі», «булану», «қайнау</<font color="#000000">» ұғымдарын айыра білу үшін диалогтік оқыту әдісін пайдаланып проблемалық ситуациялық сұрақтармен ойлау, логикалық талдау қабілетін қалыптастыру, проблемалық сұрақтарға белсенділік танытқан оқушылардың шығармашылығынан көшбасшылықты байқау, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін ескеру.

Оқыту нәтижесі

Ойлануды, ойларын жүйелеуді, тақырып мазмұнын өз беттерімен ұғынуды, үйренген білімін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді, өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді, пікірлерді салыстыра білуді, ұқсастық пан айырмашылықтарын табуды, шығармашылық жұмыс жасауды үйренеді.Ғылыми көзқарасы қалыптасады,өз біліміне есеп беріп,өзге топтарды тыңдауды үйренеді,топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.

Негізгі идеялар

Сабақ жоспары:8Сынып.Физика.Булану және конденсацияБулану және конденсациялану қатар жүретіндігі, бұл құбылыс олардың температурасына, атмосфералық қысымға, булану қарқындылығы бет ауданына байланыстылығы.

Тапсырмалар

1-тапсырма.Топтарға бөлу.

Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін тыңдау /5мин/

2-тапсырма. Слайд суреттерді көру арқылы ой қозғау /2мин/

слайдтан көрген физикалық құбылыстарын диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу. Ситуациялық сұрақтарды талдау.

1 топ. «үш күй» тобы

Булану деген не?Молекулалық құрылымы мен қозғалысы арқылы түсіндіру.

2 топ. «температура» тобы

Булануда энергия өзгерісі қалай болады?

3 топ. «диффузия» тобы

Конденсациялану дегеніміз не?

4 топ. «жылу» тобы

Конденсация қалай жүреді?

5топ«ішкіэнергия»

Кебу ден не? Кебудің жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

/15 мин/кітаппен жұмыс.

3-тапсырма.

Сәйкестендіру тестілерін орындау.

1.сұйықтың газға өту тәсілі- қайнау.С

2.Сұйық бетінде болатын булану-кебу.В.

3.Будың сұйыққа айналуы -конденсация .Е.

4.Булану -жылу жұтылады.

5.Конденсация-жылу бөледі.А.

4-тапсырма .Кері байланыс.

Слайд жауаптарын оқушыларға айтқызу.

Сабақты қорытындылау үшін оқушылар өздерін-өздері, топтар бір-бірін бағалау бағалау бетшелері берілді. орындауын бағалады. Әр тапсырмаға баға қойылып,жиынтық баға қойылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту жүзеге келді талантты және мен дарынды балалар байқалды .Амина,Алтынай,Т.с.с







1-тапсырма. Топтарға бөлу.2мин

Ортаға шығарып диффузия құбылысының көрінісін салу немесе араласу. «4-5 атомнан бірігіп1 молекула бірігіңдер»-дегенде4-5 адам бірігіп қатып қалу керек. 4-5 адамнан5 молекула болып бірікті және өтілген тақырыпты пысықтау, жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты топтарға ат қойылды.5мин

2-тапсырма.Ситуациялық сұрақтар.Неге ?Жаздың ыстық күндері судан шыққанда тоңамыз.

Бөлмедегі беті ашық стақан ішіндегі су температурасы ортадағы температурадан төмен болады.

Қыстың аязды күні далаға жайылған кір алғашында қатып қалады,біраз уақыт өткен соң құрғап кебеді.

Құрғақ ағашқа карағанда ылғал ағаш неге нашар жанады.

Әтірмен бетімізді сүртсек ол жер салқындайды. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін тақырыппен танысып,топтар берілген сұрақтарға жауап береді.топтық ,жұптық жұмыс.15 мин

3-тапсырма. Сәйкестендіру тестілері.жеке жұмыс.5 мин

1.сұйықтың газға өту тәсілі- қайнау.С

2.Сұйық бетінде болатын булану-кебу.В.

3.Будың сұйыққа айналуы -конденсация .Е.

4.Булану -жылу жұтылады.

5.Конденсация-жылу бөледі.А.

4-тапсырма.сабақ басындағы слайдтар жауабын айту.

1слайд.Денеге жұққан су кебу үшін денедегі жылуды жұтады.

2слайд.Әтір -тез буланатын сұйық.Булану үшін жаққн жердегі жылуды жұтады.

3слайд.Жайылған кір бойындағы су молекулалары буланады.Сұйық молекулалары кез келген температурада буланады.

4 слайд.себебі энергиясы жоғары молекулалар ұшып шығады да сұйық температурасы төмендейді.

5-слайд.ылғал ағаш бойында су бар ,ол булану үшін қосымша жылу қажет.





Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру, 10 жаттығуды орындау.

Кері байланыс

Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау

Қорытынды

Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды

22.10.2016ж.Пән мұғалімі. Доскалиева Жанил Тулегеновна. 8«А » сыныбы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал