- Учителю
- Информатика 6 сынып. WordPad құжатына суреттер кірістіру
Информатика 6 сынып. WordPad құжатына суреттер кірістіру
Сабақтың тақырыбы: Word құжатына суреттер кірістіру.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар wordpad мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен танысу.
Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық объектілері және
графикалық суреттерді кірістіруді үйрету
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдары: компьютер, инт. Тақта, элек.оқулық
Сабақтың өту барысы:
-
Оқушыларды ұйымдастыру
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Тапсырмаларды орындау
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Wordpad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай ?
-
Wordpad редакторын қалай іске қосамыз ?
-
Wordpad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз?
-
Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетін қалай өзгертеміз?
-
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
Жаңа түсініктер:
Wordpad құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
-
Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суреттер кітапханасынан алыңдар.
-
Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек)
-
Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
-
Суретті кірістіретін мәтінді ащыңдар
-
Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар.
-
Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.
Өткенді пысықтау үшін практикалық жұмыстар орындайық.
Үйге тапсырма: Wordpad құжатына суреттер кірістіру
Оқушыларды бағалау.